Ата заң — айбынымыз!

Биыл Ата заң қабылданғанына 28 жыл толып отыр. Ата Заң — халқымыздың ғасырлар бойы тәуелсіз ел болуын көксеген армандарын жүзеге асырған, мемлекеттігіміздің алтын қазығы, қазақстандықтардың тең құқықтары мен мүмкіндіктерінің кепілі болып табылады.

Ата Заңымызды құрметтеу, ондағы қағидаларды бұлжытпай сақтау арқылы және оның тарихы мен маңызын жетік білуіміздің арқасында біз өз елімізді, тарихымызды, құндылықтарымызды құрметтейміз және еліміздің дамуына, қоғамдық келісімге, бейбітшілік пен тыныштыққа қол жеткізе аламыз. Осы орайда атап өтер жайт, Ата заңымызда азаматтарымыздың өмірі мен бостандықтарына аса мән берілген. Конституциясының 1-бабында Қазақстан Республикасының ең басты құндылығы адам, оның өмірі, құқығы және бостандығы делінген. Осыған сәйкес ешкім де адам өмірін, бостандығын шектей алмайды. Қазіргі уақытта айтылып жүрген өлім жазасына мараторий жариялау, оны өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстыру осы қағиданы қолдау болмақ. Халқымыз – мемлекеттің ең басты байлығы болса, Ата Заңымыз-айбынымыз.
Конституция қағидалары толықтай елімізді демократияландыруға, экономикалық өрлеуге, халықаралық деңгейде өсуге, ішкі деңгейді әлеуметтік, саяси-құқықтық тұрақтылыққа, ауызбірлікке шақырады. Дүние жүзіндегі елдердің барлығында мемлекеттік басқару тетігі Конституция негізінде және соның аясында жұмыс істейді. Бұл кез келген құқықтық мемлекеттің басты өмірлік нормасы болып табылады. Еліміздегі және шетелдік сарапшылардың пікірі бойынша, Қазақстан Республикасының Конституциясы алдыңғы үлгідегі, демократиялық принциптерге сай жаңашыл Конституция.

Бір сөзбен айтқанда, біздің Конс­титуция бүкіл әлем елдеріндегі басты құжаттар се­кілді барлық азаматтары бірдей құқыққа ие демо­кратиялық мемлекеттің кепілі болып саналады. Қоғамның өркендеуіне қарқын қосып, Қазақстан халқының бірлігіне жол бастаған Ата Заңда бекітілген республикамыздың тұғырлы қағидаттары бүгінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеп отыр.

Курманова Динара Идрисовна, Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының судьясы

Біз Иран халқына құрметпен қараймыз – Тоқаев

Мемлекет басшысы Референдум учаскесінде дауыс бергеннен кейін журналистердің сұрақтарына...

Мы проявляем неизменное уважение иранскому народу – Токаев

Глава государства обозначил позицию Казахстана в отношении Ирана, отвечая...

СВОЙ ДЕНЬ РОЖДЕНИЯ – НА УЧАСТКЕ

Для некоторых жителей Алматинской области день референдума совпал с...

Алматы облысында бір көшенің тұрғындары түгел таңдау жасады

Алматы облысындағы Қосқұдық ауылында республикалық референдум күні ерекше жағдай...

Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді

Ережесіз жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов Қонаев қаласындағы учаскелердің бірінде...