12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға…»

Ұстаз – ұлағатты ұлы тұлға. Ұстаз бейнесі шәкірт үшін адамгершіліктің ең жоғары үлгісі. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» демекші, ұстаздан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаздың жүрегіндегі лаулаған жылулығы әр шәкірттің бойына нұр құятын киелі күш. «Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау» деп француз ойшылы Жан Жак Руссо айтпақшы, біздің білімімізді жетілдіріп қана қоймай, рухани байлығымызды байытып, тәрбиемізді нығайтады. «Ұстазы жақсының, ұстанымы жақ­сы» дейді халық даналығы. Тәуелсіз еліміздің нығаюы жолында ерен еңбек еткен, білімді ұрпақ тәрбиелеу жолында оқытушыларды еңбегі зор.

    Қазақ халқы ерте заманнан жақсы ұстаздан тәлім-тәрбие алған баланың келешегі жарқын болатынын білген. Сондықтан баласына жақсы ұстаз іздеген. Ұстазды қадірлеп қастерлеген, оның орны әрқашан төрде болған. Ескендір Зұлқарнайын – Аристотельді, Абылай хан – Төле биді, Шәкәрім – Абайды, Жамбыл Сүйінбайды өзіне ақылшы әрі ұстаз тұтқан. Ұлы Абай: «Адамның адамшылығы – жақсы ұстаздан», деп мұғалім тәрбиесі мен өнегесі шәкірттінің болашағының түп қайнары екеніне көңіл аударған.

    Ұстаз– ең алдымен, қадірлі маман. Ал ұстаз болу – қастерлі міндет. 

Бүгінде еліміздің болашағы жарқын болып, дамыған мемлекетке айналуы үшін мұғалімдер қауымы аянбай еңбек етіп жүр. Жалпы, кім-кімнің де жақсы адам, мықты маман болуы ұстазына байланысты.Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың бастамасымен 2019 жылы «Педагог мәртебесі туралы» жеке заң қабылданған болатын. Соған сәйкес соңғы төрт жылда ұстаздардың жалақысы екі есе өсті. Ал жақында балабақша тәрбиешілерінің айлығы 30 пайызға көбейді. Сонымен қатар ұстаздардың еңбек демалысы ұзартылды. Президент мұғалімнің міндетіне кірмейтін артық жұмыстың бәрі алынып тасталғанын да тілге тиек етті. Бұдан бөлек ұстаздардың кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында «Болашақ» бағдарламасымен үш жылда 220-ға жуық педагог шетелде оқып келгені де айтылды. Президент білім саласын ең үздік халықаралық стандарттарға сай дамытуды тапсырды. Мемлекет тарапынан ұстаздар қауымына қолдау бар кезде оқытушылар еңбек жолында аянбай еңбек етеді деп ойлаймын. Ұстаз деген — бұл ғылымға жетелейтін маман ғана емес, адамды рухани байытатын тұлға. Ұстаздар ерекше азаматтық миссияны орындайды — келер ұрпаққа тәрбие береді.ХХІ ғасырдың нағыз ұстазы қандай болмақ керек? Әрине, ол өз кәсібінің білгірі, рухани күш-жігері мықты, парасат-қуаты биік болуы тиіс.

Усеинова К.Р

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультеті мемлекет пен құқық,конституциялық және әкімшілік құқық теориясы мен тарихы кафедрасының меңгерушісі

Қазақстандық студенттер III Түркі универсиадасында 23 медаль жеңіп алды

Универисада 3-9 қыркүйек аралығында Қырғыз Республикасының Чолпон-Ата қаласында өтті. ...

Дербес кассациялық соттардың – сот жүйесіндегі маңызы

Кассациялық саты – бұл бірінші және апелляциялық инстанциялардан кейінгі,...

Бітімге келу – ұтымды шешім

Қоғамда туындайтын кез келген дау мен келіспеушілік адамдар арасындағы...