12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

ҚазҰУ студенттері өзекті мәселені дөңгелек үстелде талқылады

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының білім алушыларымен БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 2-мақсаты – «Аштықты жою» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.Іс-шара барысында аштық мәселесі қазіргі заманның ең өзекті әрі жаһандық сипат алған әлеуметтік проблемаларының бірі екені атап өтілді. Бүгінгі таңда әлемде миллиондаған адам күнделікті жеткілікті әрі сапалы тамақтану мүмкіндігінен айырылған. Біріккен Ұлттар Ұйымының деректеріне сәйкес, 2024 жылы әлем бойынша шамамен 673 миллион адам аштыққа ұшыраған. Бұл көрсеткіш климаттың өзгеруі, қарулы қақтығыстар мен экономикалық теңсіздіктің күшеюіне байланысты жылдан-жылға артып келеді.Дөңгелек үстел барысында студенттер аштықтың пайда болу себептерін талқылап, бұл құбылыстың тек азық-түлік тапшылығымен ғана шектелмейтінін, оның түпкі негізінде бірқатар күрделі факторлар жатқанын атап өтті.

    Талқылау барысында аштықтың салдары да кеңінен қозғалды. Тамақтың жетіспеушілігі тек физикалық әлсіздікке әкеліп қоймай, халықтың әлеуметтік және экономикалық дамуына да елеулі кері әсерін тигізеді. Әсіресе балалардың денсаулығына, олардың дұрыс өсіп-жетілуіне, білім алу мүмкіндіктеріне үлкен қауіп төндіреді.Осы ретте ЮНИСЕФ өкілдерінің деректері де назарға алынды. Мамандардың айтуынша, өткен жылы әлем бойынша 36,5 миллион бала баспанасыз қалған, оның ішінде 13,7 миллионы шетелге босып кетуге мәжбүр болған, ал қалғаны өз елінде тұрақты мекенсіз өмір сүруде. Бұл-Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең жоғары көрсеткіш. Сонымен қатар соңғы 10 жылда әлемдегі босқындар саны екі есеге артқан, олардың тең жартысын балалар құрайды.Сарапшылардың пікірінше, аштық пен қақтығыстар бір-бірімен тығыз байланысты. Әлемде болып жатқан соғыстар, экономикалық дағдарыстар, климаттың өзгеруі мен пандемия салдары көптеген елдерде тұрақсыздықты күшейтті. Жұмыссыздықтың артуы аштыққа, ал аштық халықтың туған жерін тастап, босқынға айналуына алып келеді. Осы орайда Антониу Гутеррештің «қақтығыс аштық пен жоқшылыққа әкелсе, аштық пен жоқшылық өз кезегінде жаңа қақтығыстардың тууына себеп болады» деген пікірі ерекше мәнге ие.

Тақырыпты талқылай келе, білім алушылар аштықты еңсерудің ықтимал жолдарын да ұсынды. Атап айтқанда:

           •         Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету – климаттың өзгеруіне бейімделген заманауи ауыл шаруашылығы технологияларын енгізу арқылы өнімділікті арттыру;

           •         Қақтығыстарды алдын алу және шешу – БҰҰ мен халықаралық ұйымдардың бейбіт келіссөздер мен тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытындағы рөлін күшейту;

           •         Экономикалық қолдау көрсету – дамушы елдерге қаржылық және техникалық көмек беру, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту арқылы халықтың табысын арттыру.Қорытындылай келе, аштық-бүкіл адамзаттың бірлескен күш-жігерін талап ететін жаһандық мәселе. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, экономикалық теңсіздікті азайту және қақтығыстарды шешу бағытында жүйелі әрі үйлесімді шаралар қабылданған жағдайда ғана аштықты азайтуға және миллиондаған адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік туады.

Сулейменова С.Ж

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті  азаматтық құқық,азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы кафедрасының оқытушысы,заң ғылымдарының докторы,профессор

61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 2026 жылы өтетін...

Олжас Бектенов обсудил с экспертами вопросы развития экономики 

📍 Премьер-министр РК Олжас Бектенов провел встречу с экспертами экономического...

Олжас Бектенов сарапшылармен экономиканы дамыту мәселелерін талқылады 

📍 Премьер-министр Олжас Бектенов экономикалық блок сарапшыларымен кездесу өткізді. Онда...

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР АЯСЫНДА НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Түркістан қаласында өткен «Қысқы кубок» халықаралық футбол турнирі аясында...

Мемлекеттік тілге құрмет — елге құрмет

Қазақстан Республикасы мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Мемлекеттік ұйымдарда...