Құқықтық көмек көрсету мәселелеріне қатысты-халықаралық шарттар, шарттың талаптарын сақтау

«Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы қабылдаған шаралар туралы бастапқы баяндама» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 1 маусымдағы № 330 қаулысымен бекітілген.

Қазақстанда әрбір мүгедек басқа адамдармен бірдей құқықтық қорғалуға құқылы. Барлық азамат заң және сот алдында тең, бұл толық көлемде мүгедектерге де қолданылған.

Қазақстанда мүгедектердің азамат ретінде жан-жақты қатысуына мүлікке иелік етуге және оны мұраға алуға, өз қаржы істерін жүргізуге, сондай-ақ банк несиесіне, ипотекалық кредиттерге және қаржылық кредиттеудің басқа да нысандарына тең қолжетімділікке құқығы қамтамасыз етілген.

Психикалық ауруы немесе ақыл-есі кем болуы салдарынан өзінің әрекеттерінің мәнісін түсіне алмайтын немесе оларды басқара алмайтын азаматты сот әрекетке қабілетсіз деп тани алады, осыған байланысты оған қамқоршылық белгіленеді. Әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтың атынан мәмілелерді оның қамқоршысы жасайды. Әрекетке қабілетсіз адам жазылған немесе денсаулығы айтарлықтай жақсарған жағдайда сот оны әрекетке қабілетті деп таниды, содан кейін одан қамқоршылық алынады.

Егер куә мүгедектігінің салдарынан соттың шақыруы бойынша келуге жағдайы болмаса, сот одан оның болған жерінде жауап алуы мүмкін;

      — судья 1 және 2-топтағы мүгедектердің істерін сот талқылауына дайындаған кезде немесе қараған кезде заң көмегіне ақы төлеуден және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден толық босатуға және оларды бюджет қаражаты есебіне жатқызуға міндетті.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес сот отырыстары қылмыстық, сол сияқты азаматтық істер бойынша бейнеконференцбайланыс арқылы жүргізілуі мүмкін. Осындай технологияны мүмкіндіктері шектеулі азаматтар өздерінің құқықтарын қорғау үшін пайдалана алады, өйткені егер осындай азамат алыс жерде тұратын болса, оған жақын орналасқан сотты таңдап, онлайн-режимде сот отырысына қатысуға мүмкіндік береді.

Мүгедектер, оның ішінде кресло-арбамен қозғалатын мүгедектер үшін  сот ғимаратының қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жасалып,  сот ғимаратына кедергісіз кіруге болады, ғимаратта халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына арналған пандус орнатылған.

«Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес егер сотта қаралатын дау кәсіпкерлік қызметке байланысты болмаса, адвокаттар бірінші және екінші топтағы мүгедектерге заңды көмекті тегін көрсетеді (мемлекеттік бюджет есебінен).

         Соңғы 2 жарым жылда  аудандық сотқа мүгедектігі бар 7-тұлға талаппен жүгінген олардың барлығы талап қоюлары бойынша мемлекеттік баж төлеуден босатылған.

Мүгедектігі бар адамдардың сот жүйесіне деген сенімін арттыруға бағытталған қызметтер жүзеге аса беретін болады.

А.Қ.Алтынбаев, Жалағаш аудандық сотының сот әкімшісің басшысы

Кассациялық сот – әділ сот төрелігінің жаңа кезеңі

Құқықтық мемлекет құру жолында сот жүйесінің әділдігі мен ашықтығы...

Халықаралық құжат айналымындағы апостиль рөлі

Көпшілік үшін «апостиль» сөзі тек құжат рәсімдеумен байланысты қарапайым...

Аумақтан тыс соттылық – маңызды құқықтық қадам

Қазіргі қоғамда сот жүйесіне деген сенім – құқықтық мемлекетттің...

С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей

Сегодня в Казахстане функционирует более 70 театров, из которых...

Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

Бүгінде Қазақстанда 70-тен астам театр жұмыс істейді, оның 59-ы...