12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Ақтөбеде ҚАЖ қызметкерлері Қазақстан Полициясы күнін атап өтті

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің жеке құрамы 23 – маусым Қазақстан полициясы күнін атап өтті. Салтанатты іс- шараны ашқан Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық – атқару жүйесі департаментінің бастығы әділет полковнигі Руслан Уразбаев және Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық – атқару жүйесі ардагерлері кеңесінің төрағасы Сақыткерей Баймағамбетов, ҚАЖ қызметкерлерінің деніне саулық, отбасыларына амандық, халыққа қызмет ету жолындағы адал еңбектеріне сәттілік тіледі.

Мерекелік шарада «Қазақстан полициясына 30 жыл» төсбелгісімен: Хромтау аудандық пробация қызметі бөлімінің аға инспекторы әділет капитаны Айнұр Болатпаева, Ырғыз аудандық пробация қызметі тобының аға инспекторы әділет аға лейтенанты Есет Әбдіразақов, №70 мекемесінің кезекшілік қызметінің тергеу изоляторы бастығының кезекші көмекшісінің орынбасары әділет лейтенанты Мақсат Кубенов, №70 мекемесінің режим және күзет бөлімінің корпус бойынша аға қызметкері әділет аға сержанты Айбек Абишев, №8 мекемесінің кадр саясаты бөлімшесінің кәсіби даярлық және дене шынықтыру бойынша инспекторы әділет капитаны Изат Нугманов, №8 мекемесінің сотталғандар арасында әлеуметтік психологиялық тәрбие жұмысы бойынша бөлімінің жасақ бастығы әділет капитаны Исатай Шотпаков, №8 мекемесінің жедел бөлімінің жедел уәкілі әділет аға лейтенанты Арслан Жалгасов, №9 мекемесінің бақылаушылар қызметі бөлімінің аға бақылаушысы әділет старшинасы Мади Қуаныш, №9 мекемесінің кезекші қызметінің мекеме бастығының кезекші көмекшісі әділет майоры Нұрберген Кенжетай, Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД №9 мекемесінің бақылаушылар қызметі бөлімінің бақылаушысы әділет старшинасы Махамбет Қойшыбаев марапатталды.
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің бастығы Руслан Уразбаевтың Алғыс хатымен №70 мекемесінің тылмен қамтамасыз ету бөлімінің бастығы Алмаз Тиыштықбаев, №8 мекемесі заң тобының заңгері Бакытгул Усерова, №8 мекемесінің арнайы есеп бөлімінің инспекторы Багдагуль Сайжанова, №9 мекемесінің тылмен қамтамасыз ету бөлімінің қойма меңгерушісі Бибигуль Туребаева марапатталды.

ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен мерзімінен бұрын «әділет майоры» Арнайы атағы Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД №8 мекемесінің сотталғандар арасында әлеуметтік- психологиялық тәрбие жұмысы бойынша бөлімінің жасақ бастығы әділет капитаны Алтынбек Саргалдақовқа берілді.

«Қылмыстық-атқару жүйесінің үздігі» төсбелгісімен Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД №9 мекемесінің бақылаушылар қызметі бөлімінің бастығы әділет капитаны Ардак Юсупов, Қазақстан Республикасы ІІМ Грамотасымен Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД №70 мекемесінің режим және күзет бөлімінің аға бақылаушысы әділет старшинасы Колганат Табанов марапатталса, Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД №70 мекемесінің режим және күзет бөлімінің аға бақылаушысы әділет старшинасы Аслан Жакуповке ҚР Ішкі істер министрінің Алғысы жарияланды.

Ақтөбе қаласының Астана ауданы бойынша әкімінің Алғыс хатымен Астана аудандық пробация қызметінің инспекторы әділет аға лейтенанты Наурызбек Уйкасов және Астана аудандық пробация қызметінің инспекторы әділет капитаны Нургуль Тюлегенова марапатталды.

Мерекелік шарада Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық – атқару жүйесі департаментінің дамуына үлес қосқан сала ардагерлерінің еңбегі де қалыс қалмады: 70 мерейлі жасқа толған Имашев Нұрлан Сейлханұлы және 60 мерейлі жасқа толған Есқазиев Әнес Кеңесұлы Полиция күніне орай, ҚР ІІМ мен Ұлттық Ұлан ардагерлерінің төрағасы генерал Өмірзақ Болсымбековтің атынан Құрмет грамотасымен марапатталды. Сондай-ақ, Нұрлан Сейлханұлына «ҚР Полициясына 30 жыл» төс белгісі тағылды.
Сонымен қатар, Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ сала ардагерлері кеңесінің төрағасы Сақыткерей Баймағамбетов, мерейлі жасқа толған сала ардагерлеріне Ардагерлер ұйымы атынан Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыстады.

Гүлфайруз Төремұратова,
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз хатшысы,
Фотолар: Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД

Абай Құнанбайұлы — қазақ руханиятының шамшырағы

2025 жылы қазақ халқының ұлы ақыны, ойшылы, ағартушысы Абай...

Бет әлпетті жауып жүруге тыйым салынбақ: Мамандар не дейді?

ҚР Мәжілісінде тағы да діни киімдерді реттеу мәселесі көтерілді....

Абай облысында қауіпсіздігі аралас мекемеде, Ашық есік күні өткізілді

Бүгін Абай облысындағы қауіпсіздігі аралас мекеме түрлі қылмыс жасағаны...

Бұзақылық ниетпен денсаулығына жеңіл зиян келтірген

Қармақшы аудандық сотында ҚК-ның 108-1-бабының 1-бөлігіде ( денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) көзделген...

ҚАЗАННАН ҚАҚПАҚ КЕТСЕ…

«Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді». Бүгінде елімізде қанша...