Абай Құнанбайұлы — қазақ руханиятының шамшырағы

2025 жылы қазақ халқының ұлы ақыны, ойшылы, ағартушысы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толып отыр. Абай (1845–1904) — ұлттық сананы оятқан, елін білім мен мәдениетке үндеген ұлы тұлға. Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында дүниеге келіп, өмірін халқының рухани дамуына арнады.
Абайдың шығармашылығы — адамгершілік, ғылым, еңбек, әділдік, махаббат секілді мәңгілік құндылықтарға негізделген. Оның өлеңдері мен «Қара сөздері» — қазақ руханиятының биік шыңы, терең ой мен тәлім-тәрбиенің мәйегі. Ол А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтов, И.А. Крылов сияқты орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударып, ұлтты әлемдік әдебиетпен таныстырды. Бұл — Абайдың қазақ әдебиетін дамытудағы өлшеусіз еңбегінің бір көрінісі.
Абайдың 180 жылдық мерейтойы — тек өткенді еске алу ғана емес, оның рухани мұрасын бүгінгі ұрпақтың бойына сіңіру жолындағы маңызды белес. Абайдың ойлары мен өсиеттері — қазіргі заманға да, болашаққа да жол көрсететін шамшырақ.

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының әкімшісі басшысы А.А.Аманжолова

«50 мың теңгелік зауыт»: сот Артем Крецумен жасалған мәмілені жарамсыз деп таныды

Құны 2,5 млрд теңгеден асатын активтері бар Көкшетаудағы жұмыс...

Tatulyq.kz: зорлық-зомбылықтың алдын алуда қоғамның жауапкершілігі маңызды

Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз...

Ана тілі — асыл қазына

         Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі. Бұл...

ПРЕСТУПНЫЕ ДОХОДЫ – ЧЕРЕЗ КРИПТУ

ЦИФРОВЫЕ ТЕХНОЛОГИИ ОТКРЫЛИ НОВЫЕ ВОЗМОЖНОСТИ НЕ ТОЛЬКО ДЛЯ ЗАКОННОГО...