Бұзақылық ниетпен денсаулығына жеңіл зиян келтірген

Қармақшы аудандық сотында ҚК-ның 108-1-бабының 1-бөлігіде ( денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) көзделген қылмыстық терiс қылық жасаған азамат Ж.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы Ж. қайын апасы Л.-дің үйіне туған күн кешін тойлауға барып, спирттік ішімдігін ішкен мас күйінде көрші үйдің ауласына қарай барып, қоршауынан аула ішіне секіріп түсіп, алдынан шыққан тұрғын үй иесі С.-ның соңғының көз аймағынан қолымен екі мәрте ұрып-соғып оның денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен.

Сараптама қорытындысына сай, жәбірленушінің денсаулығына «жеңіл» дәрежелі зиян келгені бекітілген.

Сотының үкімімен сотталушы Ж. қылмыстық терiс қылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде – 196 660  теңге айыппұл салынды.

Қармақшы аудандық соты

«50 мың теңгелік зауыт»: сот Артем Крецумен жасалған мәмілені жарамсыз деп таныды

Құны 2,5 млрд теңгеден асатын активтері бар Көкшетаудағы жұмыс...

Tatulyq.kz: зорлық-зомбылықтың алдын алуда қоғамның жауапкершілігі маңызды

Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз...

Ана тілі — асыл қазына

         Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі. Бұл...

ПРЕСТУПНЫЕ ДОХОДЫ – ЧЕРЕЗ КРИПТУ

ЦИФРОВЫЕ ТЕХНОЛОГИИ ОТКРЫЛИ НОВЫЕ ВОЗМОЖНОСТИ НЕ ТОЛЬКО ДЛЯ ЗАКОННОГО...