12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Елордалық ҚАЖД басшылығы кезекті мерейтой иесін құттықтады

Бүгін Астана қаласы бойынша ҚАЖД басшылығы еңбек ардагері, зейнеткер Байқадамова Күләш Тұрсынбайқызын 70 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Күләш Тұрсынбайқызы ішкі істер органдарындағы еңбек жолын 1991 жылы бастаған, бухгалтер, бас бухгалтердің орынбасары қызметтерін атқарған. 2011 жылы зейнеткерлікке шығып, еңбек демалысына шыққаннан кейін 2016 жылға дейін Астана қаласы бойынша ҚАЖД ЕЦ-166/10 мекемесінде бухгалтер қызметін жалғастырды.

Күләш Тұрсынбайқызы жұмысқа адал және жауаты қарады, жас қызметкерлер үшін үлгі болды және өзінің бай тәжірибесін жеткізді. Бірнеше рет грамоталармен, бағалы сыйлықтармен, «ҚР полициясына 30 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.

Елордалық ҚАЖД бастығы әділет полковнигі Даулет Рақымбеков, 70 жылдық мерейтойы күніне орай Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлерінің Қазақстандық кеңесінің төрағасы милиция генерал-майоры Ө.Болсамбековтың «ҚР ІІМ құрметті ардагері» медалін табыстады.

«Департамент басшылығына, ардагерлер кеңесінің төрағасына алтын уақыт бөліп, мені мерейтойыммен құттықтағаны үшін алғысымды білдіргім келеді, бізді ұмытпағанына өте қуаныштымын. Мен барлық офицерлерге өздерінің қиын еңбектерін адал атқарғаны үшін өте ризамын», — деп жылы тілектерін білдірді Күләш Тұрсынбайқызы.

В Алматинской области осужденные встретились с медиатором

В рамках реализации Дорожной карты по оздоровлению обстановки в...

Алматы облысында сотталғандар медиатрмен кездесті

ҚАЖ мекемелеріндегі жағдайды сауықтырудың 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасын...

Тәлімгермен кездесу

IІO алғаш қабылданған қызметкерлердің кәсіби денгейін арттыру мақсатында ҚР...

ҚАЖ қызметкерлері сотталғандарды бостандыққа бейімдеу жұмыстарын атқаруда

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаменті...