Бүгін Қазалы аудандық пробация қызметі мен аудандық құқық қорғау органдары осал топқа жататын сотталғандардың отбасыларымен кездесу өткізді. Кездесуге Қазалы аудандық прокуратурасының прокуроры Н.Бейбітәлі, аудандық пробация қызметінің аға инспекторы әділет капитаны Б.Муратбаев, Қазалы АПб ЖПҚб-нің УПИ-ы полиция аға лейтенанты А.Әбдіқали, Қазалы ауданы білім бөлімінің қорғаншылық және қамқоршылық функцияларын жүзеге асыратын органының жетекші маманы Ш.Қоламсақ, Мансап орталығы Жұмыс берушілермен жұмыс жасау бөлімшесінің басшысы И.Жалиев және «Болат жолы» дағдарыс орталығының психологы Г.Жанайбекова қатысты.
Іс-шараның басты мақсаты – сотталғандардың отбасында тұрмыстық жағдайды жақсарту және құқық бұзушылықтардың алдын алу арқылы, қоғамға қайта бейімделуге көмек көрсету.
Кездесу барысында сотталған азаматтардың отбасы мүшелерімен сөйлесіп, олардың тұрғылықты мекенжайы мен өмір сүру жағдайы зерттелді. Сондай-ақ, отбасы мүшелерінің, әсіресе кәмелетке толмаған балалардың әлеуметтік жағдайы назарға алынды. Мамандар жеке бас құқықтарын, кәмелетке толмағандардың құқықтарын, отбасылық-тұрмыстық қатынастарға қатысты әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтарды болдырмау туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық әрекеттеріне қарсы қорғану жолдары мен қолданыстағы заңдар туралы кеңестер беріліп, қатысушыларға құқықтық көмек көрсетілді.