Мектеп оқушылары және колледж студенттерімен кездесу

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының Жедел іздестіру кафедрасының аға оқытушысы Мұрат Аманат және ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінің кадр саясаты тобының инспекторы Дінмұхаммед Оспанов Қызылорда қаласындағы 10-нан аса мектепте болып, 10-11 сынып оқушыларымен және колледж студенттерімен кездесті. Шараның басты мақсаты – ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясына оқуға түсу талаптарын айту.
Кездесу барысында мектеп оқушылары мен колледж студенттерінің назарына жоғары оқу орны ҚР ІІМ Қостанай академиясының оқу бағдарламасымен таныстырып, оқуға түсу шарттарын түсіндірді.

— Академияға қабылдау Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелері бойынша берілген мемлекеттік сертификаттың балдарына сәйкес, медициналық, физикалық және психофизикалық көрсеткіштер бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады. Курсанттар академияда оқудың барлық кезеңіне киім-кешекпен, жатақханада тұрумен, тамақтану жəне мемлекеттік шəкіртақымен қамтамасыз етіледі. Академияның күндізгі оқу түрінің толық курсын бітірген тыңдаушыға «әділет лейтенанты», «полиция лейтенанты» атағы беріліп, түлектердің әрқайсысына алған мамандығына сай қызмет орны ұсынылады, – деді Мұрат Аманат. Кездесу соңында оқушылар мен студенттер полицияда қызмет ету преспективасы , оқу сапасы туралы өздерін толғандыратын сауалдарына жауап алды және оларға оқуға түсу жадынамасы таратылды.

Қазақстандағы студенттік өмір, заң білімі және қазіргі қоғам

Қазіргі уақытта мен Қазақстанда білім алып жүрмін. Қазақстанда оқу...

Жасанды интеллект — заң білімін дамытудағы жаңа мүмкіндік

Жасанды интеллект қазіргі қоғамның көптеген саласына еніп, білім алу...

Кому положена поддержка

С 1 ЯНВАРЯ 2027 ГОДА В КАЗАХСТАНЕ ИЗМЕНИТСЯ ПОРЯДОК...

Ыбырай Алтынсарин – білім мен ізгіліктің шамшырағы

2026 жылы қазақтың көрнекті ағартушысы, ұлы педагог, жазушы Ыбырай...

Мемлекеттік тіл – қоғамның рухани тірегі және кәсіби мәдениеттің көрсеткіші

Мемлекеттік тіл – ұлттың болмысын айқындайтын, тарихи жады мен...