«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында ұйымдастырылған Бос орындар жәрмеңкесі өтті

Семей қалалық мәдениет сарайында «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында ұйымдастырылған Бос орындар жәрмеңкесі өтті. 30-ға жуық қызметкер, оның ішінде өңірдің ірі кәсіпорындары қатысты.

Келушілердің жасына, біліміне, қызығушылығына байланысты әр түрлі жұмыспен қамту мәселесі біріктірілді. Ізденушілер қатарында Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің, Әуезов, Затон және Орталық аудандық пробация қызметтерінде есепте тұрған адамдар бар. Іс-шараның негізгі мақсаты жазасын қоғамнан оқшауламай өтеп жатқан, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған сотталғандарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу болды. Қажетті нәтиже — жұмыс орнын қамтамасыз ету. Бос жұмыс іздеушілер маманнан кеңес алып, жұмыс берушілермен тікелей кездесті.
Тұрақты жұмыс орындарына 6 адам жолдама алды, кәсіптік оқытуға – 4 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына — 1 адам кеңес алды.
Әрбір қатысушыға нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы мен қала аумағын дамыту бағдарламасы бойынша мемлекеттік қолдау шаралары туралы буклеттер мен парақшалар, сондай-ақ түйіндемені электрондық еңбек биржасына орналастыру бойынша ақпараттық материалдар табыс етілді. Жәрмеңкенің барлық ізденушілері еңбек заңнамасы, бірыңғай жиынтық төлемді енгізу, еңбек нарығындағы ахуал, нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары, жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек туралы мамандардың кеңестері бойынша түсініктемелер ала алды.

Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде сотталғандар Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне хат жазды

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары...

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай осужденные написали письма ветеранам Великой Отечественной войны

В учреждении максимальной безопасности Департамента уголовно-исполнительной системы по области...

Ынтымағы жарасқан ел – еңселі ел” тақырыбында іс-шара өтті

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай №79...

Мерекелік концерт өтті

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Атырау...