Семей қаласының өнерпаздары Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде сотталғандар алдында өнер көрсетті

     Семей қалалық Мәдениет үйінің өнерпаздары Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде сотталғандарға арнап концерт қойды. Шығармашылық кездесудің негізгі тақырыбы — жақындарға деген сүйіспеншілік, отбасылық құндылықтар және жаңа өмірге деген үміт.
       Мекемеде өткен концерт әуенге, шынайы эмоцияларға және ең жақын адамдар туралы жылы естеліктерге толы болды.
       Өнерпаздар патриоттық әндерді, анаға деген сүйіспеншілік, туған үй мен отбасы туралы шығармаларды орындады. Әрбір ән өмірлік жағдайларға қарамастан, жақындарын күтіп, оларға сенім артатын жандардың бар екенін еске салды.

Іс-шараның мақсаты — сотталғандарға жағымды эмоциялық және тәрбиелік әсер ету, отбасының маңызын, өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілікті және түзелуге ұмтылудың қажеттілігін ұғындыру.
— Біз үшін мұндай аудитория алдында өнер көрсету ерекше әсер қалдырды. Әртүрлі іс-шараларда өнер көрсетіп жүргенімізбен, сотталғандардың алдында сирек өнер көрсетеміз. Ән орындау барысында олардың көздерінен туған үйге деген сағынышты, жақындарына оралуға деген тілекті байқадық. Әсіресе ана мен отбасы туралы әндер ерекше әсер етті. Осындай сәттер адамның өмірінде жақындарының махаббаты мен қолдауы қаншалықты маңызды екенін тағы бір мәрте көрсетеді, — деді Семей қалалық Мәдениет үйінің өнерпазы Гүлбарам Мұстафина.
— Концерт бізге өте ұнады. Бір сәтке өз проблемаларымды ұмытып, жақындарымды есіме алдым және бостандыққа шыққаннан кейінгі өмірімді елестеттім. Бір күні үйге оралып, анамды, балаларымды құшақтап, жаңа өмір бастайтынымды ойладым. Осындай сәттер өмірде ненің шынымен маңызды екенін түсінуге көмектесіп, болашаққа деген үміт сыйлайды, — деп бөлісті сотталғандардың бірі.
— Тәрбиелік жұмыс тек әңгімелесу мен түсіндіру жұмыстарынан ғана тұрмайды. Адамға өз өмірі туралы ойлануға мүмкіндік беретін іс-шаралардың да маңызы зор. Ана, отбасы және туған үй туралы әндер сотталғандарға жақындарын еске салып, өз іс-әрекеттерін қайта саралауға және болашағына жауапкершілікпен қарауға ықпал етеді. Біздің міндетіміз — сотталғандардың түзелуіне және қоғамға қайта бейімделуіне жағдай жасау. Мәдени іс-шаралар сотталғандардың қоғаммен байланысын сақтауға, отбасылық құндылықтарға назар аударуға және болашақ туралы ойлануына мүмкіндік береді. Мұндай кездесулер әр адамның өз тарихы бар екенін еске салады. Өмірді жақсы жаққа өзгерту өз әрекеттерін түсінуден және олар үшін жауапкершілікті мойнына алуға дайын болудан басталады, — деп атап өтті Женис Дауренбеков.

Сотрудники женской колонии УИС поздравили жителей села с Днём Республики!

В честь Дня Республики сотрудники женской колонии УИС по...

ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері ауыл тұрғындарын Республика күнімен құттықтады

Республика күніне орай Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының...

В честь Дня Республики прошёл турнир по волейболу

В женской колонии УИС по области Абай в честь...