Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде сотталған азамат «Таза Қазақстан» акциясы аясында 20-дан астам бөлме өсімдігін өсірді

         Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде сотталған азамат «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысып, үш ай ішінде 20-дан астам бөлме өсімдігін өсірді. Оның бастамасы табиғатқа ұқыпты қараудың, жеке жауапкершіліктің және қоршаған ортаны жайлы етуге деген ұмтылыстың үлгісі болды.
      Алаяқтық жасағаны үшін сегіз жылға бас бостандығынан айырылған Алматы қаласының 29 жастағы тұрғыны мекемеге үш айдан сәл астам уақыт бұрын келген. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы туралы естіген соң, ол бастама көтеріп, өсімдіктер өсірумен айналысуға шешім қабылдады.
      Ол алғаш болып кәдімгі бұрыш отырғызды. Уақыт өте келе ер адам бөлме гүлдері мен басқа да өсімдіктерді өсіре бастады. Мекеме қызметкерлері оның бастамасын қолдап, қажетті өсімдіктер мен тыңайтқыштарды сатып алуға көмектесті.
       - Бала кезімде анамның бөлме өсімдіктеріне қалай күтім жасайтынын жиі көретінмін. Осында жүргенде үйімді және жақындарымды жиі еске аламын. „Таза Қазақстан“ акциясы туралы білген соң, осы игі іске өз үлесімді қосуды шештім. Алдымен бұрыш отырғыздым, кейін басқа өсімдіктерді өсіре бастадым. Мекеме қызметкерлері бастамамды қолдап, қажетті өсімдіктер мен тыңайтқыштарды сатып алуға көмектесті. Үш айдың ішінде 20-дан астам өсімдік өсірдім. Қазір менің сүйікті өсімдігім — тірі ағаш. Ол мен үшін өмірдің, шыдамдылықтың және жақсы жаққа өзгеруге деген үміттің символы. Оған күтім жасап, қалай өсіп келе жатқанын бақылаған ұнайды. Менің ойымша, тіпті шағын игі істердің өзі айналамызды жақсарта алады, — деп бөлісті сотталған.
        - Өсімдіктерге күтім жасау шыдамдылыққа, тәртіпке және жауапкершілікке үйретеді, пайдалы дағдыларды дамытуға және бос уақытты тиімді өткізуге көмектеседі,  осындай бастамаларды қолдаудың маңыздылығын атап өтті.«„Таза Қазақстан“ акциясы табиғатқа ұқыпты қарауды және қоршаған ортаға жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған. Біз сотталғандардың еңбек дағдыларын дамытуға, дербестік танытуға және бос уақытын тиімді өткізуге көмектесетін бастамаларын қолдаймыз. Өсімдіктерге күтім жасау шыдамдылыққа, тәртіпке және қамқорлыққа үйретеді. Әр адам оң өзгерістердің, тіпті шағын болып көрінетін әрекеттерден басталатынын түсінуі маңызды, — деп атап өтті сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің бастығының міндетін атқарушы Мейирлан Тутекбаев.

Сотрудники женской колонии УИС поздравили жителей села с Днём Республики!

В честь Дня Республики сотрудники женской колонии УИС по...

ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері ауыл тұрғындарын Республика күнімен құттықтады

Республика күніне орай Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының...