Жоқ! — деп айтуды үйрен

Достар! Замандастар!

Менің мақсатым — жақсы оқушы болу. Сабақтан қалмау, білім алу. Мектептің қоғамдық іс-шараларына белсенді қатысу. Алтын ұямыздың тәрбиелік іс-шаралары бізді жат қылықтан аулақ болуға шақырады. Себебі есірткі сатушылар жасөспірімдердерді құрығына түсіруде. Сондықтан әлеуметтік желіде бөтен адаммен сөйлеспей, мақсаты белгісіз топтарға қосылмау қажет. «Бір рет дәмін татшы, ештеңе етпейді» деп алдауы мүмкін. Алданып қалма. Жоқ! — мен қарсымын деп айтуды үйрен. Нашақорлықтың болашағыңа балта шабуына рұқсат етпе.

Біз достарымызбен салауатты өмірді таңдадық! Бәріміз денешынықтыру сабағынан қалмай, дене жаттығуын жасап, жат қылықтан аулақ болуға тырысамыз. Бірге спорттық ойындар ойнаймыз. Түрлі іс-шараларға белсенді қатысамыз.

Өскенде бір-бір маман иесі болуды армандаймыз. Бір-бірімізден ештеңе жасырмаймыз. Телесериалдар мен әлеуметтік желілерді де бірге қараймыз. Досыңа жақын бол! Бөтенмен сөйлесіп, адасып қалуына жол берме! Ата-анамызбен жақындарымыздың сенімін ақтайық! Ұстаздар үмітін өшірмейік!

Аяулы достар!

Мен нашақорлыққа қарсымын! Салауатты өмірді таңдаймын!

Армандарым орындалғанын қалаймын!

Сендерді де есірткіге қарсы болуға шақырамын.

Бақытты болашаққа бірге барайық!

#ЕсірткігеҚарсыБайқау

Дина НАЖМАДИНОВА,

Жаңқожа батыр атындағы №269 орта мектептің 7-сынып оқушысы,

Төретам кенті, Қармақшы ауданы

«Заң және тәртіп», инклюзия және сайлауды цифрландыру: партиялар қандай тақырыптарды талқылады

Демалыс күндері партиялар тұрғындармен және еңбек ұжымдарымен кездесулерін жалғастырып,...

«Закон и порядок», инклюзия и цифровизация выборов: какие темы обсуждали партии

В выходные партии продолжили встречи с жителями и трудовыми...

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай среди осуждённых прошёл айтыс

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай среди...

АБАЙ – ҰЛТ РУХАНИЯТЫНЫҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ

Бүгін қазақтың ұлы ақыны, ойшыл, ағартушы, композитор, ұлттық жазба...