26 қарашада Respublica партиясының өңірлік филиалдарында мәслихатдепутаттарының кезектен тыс сайлауы алдындағы үгіт-насихат науқанының аяқталуынаарналған сайлау штабтарының қорытынды отырыстары өтті.
Отырыстар барысында өңірлік командалар атқарылған жұмыстардықорытындылап, сайлаушылармен өзара байланыс және алдағы дауыс беру күнінеұйымдастырушылық дайындық мәселелерін талқылады.
Үгіт-насихат кезеңінде партия кандидаттары мен белсенділері еңбек ұжымдарымен, кәсіпкерлермен, жастармен және қоғам өкілдерімен кездесулер өткізді. Respublica партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіруге, өңірлердегі өзекті мәселелерді талқылауға және азаматтармен тікелей диалог орнатуға ерекше көңіл бөлінді.
Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына Respublica партиясыҚазақстанның барлық 20 өңірінде қатысуда. Партия атынан барлығы 326 кандидат тіркелген. Оның 129-ы партиялық тізім бойынша, 197-сі бірмандаттық сайлау округтері бойынша ұсынылған.
Өңірлік штабтар сайлау науқанын ұйымдастыруда маңызды рөл атқаратынынатап өткен жөн. Олар кандидаттардың халықпен тікелей байланысын қамтамасыз етіп, жергілікті жерлердегі жұмыстарды үйлестіреді.
Өңірлік отырыстардың қорытындысы бойынша негізгі назар дауыс беру күнінеұйымдастырушылық дайындыққа және сайлау заңнамасының талаптарын сақтауғааударылды.
Үгіт-насихат науқанының қорытынды кезеңі ретінде 27 қарашада «Өңірлерментікелей диалог» атты жалпыпартиялық онлайн-кездесу өтеді. Оған партия төрағасыАйдарбек Қожаназаров, Орталық кеңес мүшелері және өңірлік филиалдардыңбасшылары қатысады.
Кездесу барысында Respublica партиясының ел көлемінде жүргізген үгіт-насихатнауқанының жалпы қорытындысы шығарылады.
Respublica партиясының баспасөз қызметі


