Жетісу облысында жарақат алған балалар саны артқан

Жетісу облысында жарақат алған балалар саны артқан. Дәрігерлер жаз айы басталғалы бері медициналық көмекке жүгінген балалардың көбейгенін айтады. Балалар арасында аяқ-қолы сынып, бас ми жарақатын алған және жол көлік оқиғасынан зардап шеккендер көп. Көпсалалы облыстық балалар ауруханасының директоры Тойбеков Арман Серікбайұлының айтуынша, көп жағдайда балалар ата-ананың қарауынсыз қалған кезде жарақат алады. Бас дәрігер аурухананың травматология бөлімінде кішкентай емделушілер саны 2021 жылы 32,7% – ға артқанын айтады.
-2021 жылы аурухананың травматология бөлімінде әр түрлі жарақат алған 1433 бала ем қабылдады. Оның ішінде 89-ы бір жасқа дейінгі сәбилер. Көбіне балалар ата-ананың қарауынсыз қалған кезде жарақат алатыны белгілі. Сондықтан біз ата-аналардан балаларына мұқият болуын сұраймыз, — дейді аурухана директоры Арман Серікбайұлы.
Сонымен қатар Көпсалалы облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері 2021 жылы жарақат пункті ашылғанын айтты.2021 жылдан бастап ауруханада жарақат пункті ашылды. Онда жұмсақ тіндері зақымданған, күйік шалған, әртүрлі генездегі жаралар, жәндіктер шаққан тағы да басқа жарақат алған балаларға көмек көрсетіледі. Жарақат пункті ашылған бір жарым жыл ішінде дәрігерлер 3504 балаға медициналық көмек көрсетті, — деді бас дәрігер.
Естеріңізге сала кетсек, Көпсалалы облыстық балалар ауруханасында 2021 жылдың қаңтар айынан бастап 55 төсек-орындық жарақат бөлімі ашылды. Жарақат бөлімінде травматологиялық, нейрохирургиялық, ортопедиялық, офтальмологиялық көмек көрсетіледі.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНДА ТМД ЕЛДЕРІ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ФОРУМЫ АЛҒАШ РЕТ ӨТТІ

2026 жылғы 29 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан...

Президент Жолдауы және ел болашағы: Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұловтың METU студенттерімен тағылымды кездесуі

         Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде (METU) студенттердің Қазақстан Республикасы Ұлттық...

Көкшетауда «Тайталас» кітабы таныстырылды: туындының кейіпкері де тұсаукесерге қатысты

Көкшетауда Мәлік Ғабдуллин музейі ұйымдастыруымен белгілі журналист Байқал Байәділдің...

Кәмелетке толмаған баламен кездесу тәртібін анықтау

Кәмелетке толмаған баламен кездесу тәртібін анықтау мәселесі ерлі-зайыптылардың некесі...

Заң үстемдігі – әділетті қоғамның берік негізі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазандағы «Жаңа тарихи...