Жергілікті тұрғынның үйінің кіреберісінен шолақ мылтық тәркіленді

Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына жергілікті тұрғынның бірі өз үйінде заңсыз қару-жарақ сақтауы мүмкін деген жедел ақпарат келіп түсті.              Бұл дерек ҚР ҚК-нің 287-бабының 3-бөлігі "Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бойынша тіркелді.                                    
Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында, Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері күдіктінің жеке басын, яғни оның Сауран ауданының тұрғыны екенін анықтап, ұстады. Жедел уәкілдер күдіктінің үйіне тінту жүргізу кезінде, оның кіреберіс бөлмесінен 16 калибрлі шолақ мылтық пен атылған оқтарды тауып, тәркілеп алды.                Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Айғақты заттар сараптамаға жіберілді. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

«Боқаевтың жиенімен жасалған екінші келісімшарт туралы білмедім» – куәгер Артықбаева

Бүгін Боқаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша өткен сот отырысында...

Новые веянья в работе судебных экспертов

          С укреплением суверенитета нашего государства Республики Казахстан все...

«ӘЛҚИССА» ДОМБЫРА СТУДИЯСЫ ТҮРКИЯДА БАС ЖҮЛДЕНІ ЖЕҢІП АЛДЫ

Қазақстандық жас домбырашылар халықаралық байқауда үздік атанып, қазақтың ұлттық...