Жемқорлықпен күрес күн тәртібінен түспейді

Сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы күрес – мемлекеттік саясаттың басым бағытының бірі. Себебі, сыбайлас жемқорлық орын алған ортада ілгерілеу жоқ. Жең ұшынан жалғасу саладағы сыбайластықтың дамуына, білімі бардың ескерусіз қалып, ебін тапқандардың елеулі қызметке тағайындалуына мүмкіндік береді. Бұл мемлекеттегі әділдік пен адалдық принциптеріне қатысты сенімсіздіктің орнығып, мемлекеттік саясатқа деген қарсылықты тудырады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің күн тәртібінен түспей келе жатқаны да сондықтан.

Қазақстан – сыбайлас жемқорлықпен күреске құқықтық тұрғыдан мән беріп, қадамын заңмен бекіткен ел. Тәуелсіздігін алғаннан кейін 1998 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» туралы заңын қабылдаған мемлекетіміз кеңестер одағының шекпенінен шыққан көршілес елдерге үлгі көрсетті. Мәселені заңмен шешудің жолын қалыптастырды. Кейіннен заман талабына сай бұл заңнама жаңғыртылып, 2015 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» жаңа заң қолданысқа енгізілді. Бұл құжатта кеселмен күрестің алдын алуға, азаматтардың құқықтық сауатын арттыруға, сондай-ақ, сыбайластыққа жол беретін кемшіліктерді болдырмауға мән берілген.

Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитет пен құқықтық түсінікті орнықтыру мақсатында көптеген стратегиялық бағдарламалар қабылданғаны белгілі. Сонымен бірге, Мемлекет басшысының әр жолдауында мемлекеттік құрылымдарды сыбайлас жемқорлықтан таза ұстаудың тетіктері көрсетіліп, нақты бағыт-бағдар белгіленіп келген еді. Мұндай кешенді шаралар Қазақстанның зайырлы, құқықтық мемлекет ретінде орнығып, сыбайлас жемқорлыққа пәрменді тосқауыл қоюына мүмкіндік береді.

Ш.Закешов,

Алматы қаласы Әділет департаменті

«Мүлікті мемлекет кірісіне айналдыру бойынша аумақтық бөлімі» филиалының бөлім басшысы

Almaty Superski: Алматыдағы тау туризмін дамытудың жаңа кезеңі

Алматының таулы аймақтары туризмді дамытудың стратегиялық бағыттарының бірі ретінде...

Тоқаевтың президент болғанына жеті жыл: негізгі экономикалық көрсеткіштер қалай өзгерді?

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Президенті қызметіне кіріскеніне жеті жыл өтті....

НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЛАУРЕАТЫ МО ЯНЬ «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» МАРАФОНЫ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА ҮНДЕУ ЖОЛДАДЫ

Әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты, белгілі қытай жазушысы Мо...

№68 мекемесінде жедел кеңес өткізілді

ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде жедел кеңес өткізілді. Жиынға...

Медициналық көмекті ұйымдастыру мәселелері талқыланды

ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде жазасын өтеушілерге медициналық көмекті...