Мемлекеттік қызметшілердің сот жүйесіндегі рөлі

Мемлекеттік қызметті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған жаңа тұжырым­дамасы адамға бағдарланған, онда мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру, адам ресустарын басқару үдерістерін цифрландыру мәселелері қамтылған. Мұны айтып отырғанымыз, мемлекеттік апарат жұмысының жандануы «Б» корпусындағы мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейіне тікелей байланысты.

«Б» корпусы қызметшілері соттардың ашықтығы мен қолжетімділігін және сот ісін жүргізудің тиімділігін арттыруға бағытталған «100 нақты қадам» ұлт жоспары аясындағы реформаларды жүзеге асырудың техникалық орындаушылары. Сондықтан, олардың сот жүйесіндегі рөлі жалпы сот органдарының сапалы жұмысын қамтамасыз етуде жоғары. Себебі, сот төрелігін жүзеге асырудағы барлық техникалық, ұйымдастырушылық шаралар, мысалы, сот отырысы мәжілістерін дайындау, іс қағаздарын жүргізу, сот құжаттарын тіркеп, оларды тараптарға жіберу осы мамандардың міндетіне кіреді.

Сала мамандары судьялардың қызметін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Жаңа заманауи технологиялар кеңсе қызметінің жұмысын біршама жеңілдетті дегенімен, ондағы мамандар құзырындағы арыз-шағым, материалдар сот өндірісіне түскен күннен бастап, судья қарауына ұсынылғанға дейінгі жұмыстар аз емес. Бұдан бөлек, сот отырысының дұрыс ұйымдастырылуы, сотқа қатысушылардың процеске дер кезінде шақырылып, уақытында келуі, сот отырыстарының талапқа сай өтуі сот мәжілісі хатшыларынан ұқыптылықты талап етеді. Соттың әрбір маманы жұмыс жоспарларын жасап, олардың нәтижелерін бағалаудан өткізеді. 

Ал Жоғары Сот Кеңесі аппараты «Б» корпусының қызметшілері сот жүйесіне қатысы бар құжаттарды талдап, кадрлық мәселелер мен біліктілік емтихандарын ұйымдастыруға қатысады.

Сот әкімшісі сот жүйесінің материалдық-техникалық, қаржылық және кадрлық жағынан қамтамасыз етілуін жүзеге асырады. Орталық органдармен тең дәрежеде өзара іс-қимыл орнату, соттар қызметін, атап айтқанда, ақпараттық-талдау, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан сүйемелдеу сот әкімшілігіне жүктелген. Сонымен қатар, сот әкімшілігі жүйедегі мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен соттардың  тәуілсіздігін қамтамасыз етуге де жағдай жасауы тиіс.

Соттар қызметін жетілдіру мақсатын көздейтін реформаларға атсалысып,  сот тәжірибесін талдайды, соған орай, сотқа түскен істерге статистикалық есеп жүргізеді.  Сот әкімшілігінің қызметі Конституцияға, ел заңдарына, нормативтік  құқықтық актілерге, арнайы Ережеге негізделген.

 «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері соттар мен азаматтар арасын байланыстырушы буын болғандықтан, олардың кәсіби біліктілігімен қатар, этикалық ұстанымдары, қызметтік әдебі қоғамның сот билігіне деген көзқарасын қалыптастырады. Бұл ретте мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін сақтаудың маңызы зор. Өйткені, аталған кодекс тек қызметтік әрекеттерді ғана емес, қызметтен тыс уақытта да мемлекеттік қызметшінің өзін-өзі ұстау нормаларын белгілейді.

Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің әрбір нормасы қоғамның сот билігіне деген сенімін нығайтуды көздейді. Соған сәйкес, сот жүйесіндегі әрбір қызметкер өзінің бар күш-жігерін жауапкершілігіне алған жұмысын адал әрі сапалы атқаруға жұмсаса, онда талап үддесінен шыға білгеніміз. Мемлекеттік қызметшілер үшін  заң мен тәртіп алдыңғы орында тұруы тиіс.

Ерлан Бимакаев,

Алмалы ауданының №2

аудандық соты әкімшісінің басшысы

Алматы қаласы  

Мемлекеттік тілде құқықтық терминологияны қалыптастыру мәселелері

Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайту – маңызды стратегиялық...

Преимущества электронного судопроизводства

В условиях стремительного развития информационных технологий электронное судопроизводство становится...

Международные стандарты защиты прав несовершеннолетних детей

Конвенция Организации Объединённых Нации (ООН) о правах ребенка является...

Әкелікті анықтау

Әкелікті анықтау – отбасы құқығындағы маңызды мәселелердің бірі. Ол...