Жемқорлық – қоғамның тұрақты дамуына кедергі келтіретін, мемлекеттік басқарудың тиімділігіне және азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сеніміне кері әсер ететін өзекті мәселелердің бірі. Сондықтан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес – тек мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ең алдымен заң талаптарын қатаң сақтаудан басталады. Әрбір мемлекеттік қызметші өз қызметін адал, әділ және ашық атқарып, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін құрметтеуі тиіс. Қызметтік өкілеттіктерді жеке мақсатта пайдалануға, таныстыққа немесе жеке пайдаға жол бермеу – мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаларының бірі.
Құқық қорғау және сот жүйесінде адалдықтың маңызы ерекше. Себебі бұл салалар азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға тікелей байланысты. Құжаттарды қарау, өтініштерді қабылдау, сот процесін ұйымдастыру және өзге де қызметтік міндеттер заңда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылуы қажет. Әрбір шешімнің негізінде заңдылық, объективтілік және әділдік қағидаттары тұруы тиіс.
Жемқорлықтың алдын алуда құқықтық мәдениетті қалыптастырудың да маңызы зор. Азаматтар өз құқықтарын біліп, заңсыз әрекеттерге тап болған жағдайда тиісті органдарға хабарлауы қажет. Ал мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға, қызметтік әдеп нормаларын сақтауға және қоғам алдында жоғары жауапкершілік танытуға міндетті.
«Жемқорлыққа жол жоқ» деген ұстаным күнделікті қызмет барысында нақты іс-әрекетпен көрініс табуы керек. Адал еңбек, заңға құрмет және жауапкершілік – сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың ең тиімді негіздері. Әр адам өз ісіне жауапкершілікпен қарап, заң талаптарын сақтаған жағдайда ғана қоғамда адалдық пен әділдік қағидаттары нығая түседі.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес – бір күндік науқан емес, үздіксіз жүргізілетін маңызды жұмыс. Заң үстемдігін қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметтің ашықтығын арттыру және азаматтардың құқықтық санасын көтеру арқылы біз әділетті әрі сенімді қоғам құруға өз үлесімізді қоса аламыз.
Тараз қаласының мамандандырылған
тергеу соты бас маманы
Е. Кенжетай


