Шартты жаза –заңмен берілген мүмкіндік

Қылмыстық кодекстің 63-бабымен шартты түрде соттау жазасы бекітілген. Жұртшылық көп жағдайда осы шартты түрде соттаудың бас бостандықтан айыру немесе шектеу жазаларынан қандай айырмашылығы барын түсіне бермейді. Сондықтан, аталған баппен тағайындалған жазатүріне кеңірек тоқталамыз. 

Бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалғанда сотталушының жазаны өтемей түзелу мүмкiндігін байқаса, сот оның іс-әрекетіне, мінез-құлқына, т.б. жағдайларына қарап тағайындалған жазаны шартты деп санауға қаулы шығарады. Осылайша сотталушыға түзелу мүмкіндігі  беріліп, бір жыл мен үш жыл аралығында сынақ мерзімі белгіленеді. Шартты түрде соттаудың бас бостандығынан айырудан айырмашылығы сотталушы темір торға қамалып, қоғамнан оқшауланбайды. Пробациялық бақылау талаптарын сақтап, басқа құқық бұзушылықтар жасамаса сотталушы жазаны нақты орындамайды.

Бостандықты шектеу де негізгі немесе қосымша қылмыстық жазаның бір түрі, ал шартты түрде соттауда жоғарыда айтқанымыздай, жазаның орнына сынақ мерзімі тағайындалады. Мұның өзіндік салдары да жоқ емес. Сынақ кезінде шартты түрде сотталушы мойнына алған міндеттерін орындамаса немесе жаңа қылмыс жасаса жазасын өтейді. Яғни, шартты түрде соттаудың күші, ал талаптарды ойдағыдай орындаса, сынақ мерзімінен соң соттылық жойылады.

Шартты түрде соттауды қолдану барысында қылмыстың сипаты мен қоғамға қауiптiлiк дәрежесi, кінәлінің жеке басы, оның iшiнде жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайлар ескеріледi. Сонымен қатар, Қылмыстық кодекстің 44-бабының екінші бөлігіне сәйкес, бас бостандығынан айырудың барлық уақытына, кәмелеттік жасқатолмағандарға алты айдан бір жылға дейін пробациялық бақылау белгiленедi.   Егер шетелдікнемесе азаматтығы жоқ адамға Қазақстан аумағынан тысқары шығарып жіберу қосымша жаза түрінде тағайындалса, олар пробациялық бақылауға алынбайды.

Шартты түрде соттауда шектеулер мен жазаның қосымша түрлерi, сондай-ақ, кәмелетке толмағандарға тәрбиелiк әсерi бар мәжбүрлеу шаралары заңмен қарастырылған. 

Қылмыстардың қайталануы мен олардың қауiптi қайталануы кезінде, сонымен қатар аса ауыр, сыбайлас жемқорлық, террористік, экстремистік, азаптау, қылмыстық топ құрамында, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы жасалған қылмыстарда, он төртпен он сегізге дейінгі адамның жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс жасаған кәмелетке толмағандарға шартты түрде соттау жазасы қолданылмайды. 

Шартты түрде соттаудың күшi қандай жағдайда жойылатыны осы кодекстің 64-бабында көрсетілген. Мәселен, шартты түрде сотталушы пробациялық бақылау кезінде өзінің жүріс-тұрыс, мінез-құлқымен түзелгенiн дәлелдесе, пробация органның ұсынуымен сот шартты түрде соттаудың күшiн жою, сондай-ақ, соттылықты алып тастау туралы қаулы шығара алады. Шартты түрде соттаудың күші белгіленген мерзiмнiң кем дегенде жартысы өткен соң  жойылуы мүмкiн.

 Егер шартты түрде сотталушы қоғамдық тәртіпті бұзса, әкімшілік құқық бұзушылықтар, қылмыстық теріс қылықтар жасаса, электрондық бақылау құралдарын қасақана бүлдірсе, дәлелсіз себептермен тіркелуге келмесе, пробацияға хабарламай тұрғылықты жерін ауыстырса, тиісті органның ұсынуымен сот бақылау уақытын бір жылға дейін ұзартады.

Шартты түрде сотталушы пробациялық бақылау кезінде ауырлығы орташа қасақана қылмыс, ауыр немесе аса ауыр қылмыс, ал кәмелетке толмаған адам ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған жағдайларда, сот шартты түрде соттаудың күшiн жояды және оған үкімдердің жиынтығы, жаза тағайындау қағидалары бойынша жаза тағайындайды. 

Халқымызда «Сүрінбейтін тұяқ жоқ» деген даналық бар. Дөңгеленген тірлікте шалыс басып,қапылыста қалт кету әркімнің де басында болуы мүмкін. Алайда, сол қателікті түзетуге заңмен берілген мүмкіндікті пайдаланып, болашағына нық қадам басу адамның өзіне байланысты.  

Ержан Байболов,

Еңбекшіқазақ аудандық №2 

сотының төрағасы

Алматы облысы

ҚАЗАҚ ЖУРНАЛИСТИКАСЫНЫҢ КОРИФЕЙІ

Ұшан-теңіз білімі, биік парасаты, ақ алмастай әділдігі бір төбе,...

«Тоска в отцовском сердце»: осуждённые поделились чувствами к детям

В преддверии Всемирного дня ребёнка в учреждении №20 ДУИС...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 100 ОҚУШЫҒА ЕРЛІК САБАҒЫ ӨТКІЗІЛДІ

Түркістан облысында жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, батырлық...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СТАЛКИНГКЕ ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістан облысында сталкингтің алдын алу және азаматтардың құқықтарын қорғау...

«Закон и порядок» и механизмы его реализации в специализированных межрайонных экономических судах

В современной правовой политике Казахстана концепция «Закон и Порядок»...