Жазасын өтеушілердің еңбегін кәсіпкерлерге ұсыну жәрмеңкесі

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты 79 мекемесінде сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының жоспарына сәйкес, мекеме аймағынан жазасын өтеуші сотталғандарға жұмыс орындарын ашу, өндірістік обьектілерді тиімді пайдалану және кіші орта бизнес өкілдерін тарту мақсатында жәрмеңке өткізілді. Жәрмеңкеге мекеменің ішкі аймағында орналасқан “Эртри”, “Асма”, “Каусар”, “Адай”, “Алмаз”, “Ayas SAFETY” жеке кәсіпкерлердің келісім-шарттары бойынша жұмыс жасайтын сотталған азаматшалардың қолдарымен жасалған бұйымдары таныстырылды.
Аталған бағыт жалпы қоғамды, соның ішінде,пенитенциарлык мекемелерінде жаза өтеуші сотталғандарды толық еңбекпен қамтамасыз етуге бағытталған.
Жәрмеңкенің негізгі мақсаты
мекемеде жазаларын өтеуші сотталғандарға қосымша жұмыс орындарын ашу және жеке кәсіпкерлердің өнімдерін кеңінен насихаттап, тұтынушылардың назарына ұсыну болды.

Абай күніне орай сотталған әйелдер арасында рухани-танымдық іс-шара өтті

7 шілде күні Абай күніне орай №79 мекеменің сотталғандар...

Духовное наследие Абая — путь к знаниям, труду и самосовершенствованию

В женской колонии УИС области Абай с участием осужденных...