Жазадан жалтарып 3 жыл іздеуде болған сотталған ұсталды

Алакөл аудандық пробация қызметі бөлімінің есебіне Э. есімді азамат тіркеуге қойылып, алайда, сот жүктеген міндеттерін орындамай, аудандық пробация қызметі бөлімінің бақылауынан жалтарып жүрген.

Сотталғанға қатысты алғашқы іздеу шаралары жүргізіліп, аудандық сот қаулысымен іздеу жарияланды.

3 жылдан соң, жалтарған сотталған Сарқан ауданынан жедел іздестіру қызметкерлерімен ұсталып, оған қатысты іс құжаттар бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыруы бойынша сотқа ұсыныс жіберілді.

Жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзғаны үшін тағайындалған сот процессін, басқа да есепте тұрған сотталғандарға үлгі болу мақсатында ашық түрде өткізді.

Сотпен жүктелген жазадан жалтарғаны үшін, сотталғанның өтелмеген жаза мерзімі бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.

Мeмлeкеттік қызмет — мәртебелі міндет

Мемлекетік қызметші – мемлекеттік оргaнда Қазaқстан Республикасының заңнамасында белгіленген...

Мемлекеттік қызмет — мәртебелі міндет

Мемлекетік қызметші – мемлекеттік органда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген...

Қарыздан құтылудың тиімді тетігі

Әрбір заң азаматтардың құқығы мен бостандығын әділ қорғау, халыққа...