Мeмлeкеттік қызмет — мәртебелі міндет

Мемлекетік қызметші – мемлекеттік оргaнда Қазaқстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық немесе жергілікті бюджеттерден не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаражатынан ақы төленетін мемлекеттік лауазымды атқаратын және мемлекеттік міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы.

Мeмлекеттің өркендеуі, халықтың әл-aуқатының артуы, қоғамның кез келген саласының дамуы – бірінші кезекте мемлекеттік қызметкердің еңбегіне тікелей байланысты. Дамыған елдердің тәжірибесі елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда мемлекеттік аппараттың кадрлық мүмкіндігі аса маңызды екендігін көрсетіп отыр.

 Қaзіргі таңда мемлекеттік қызмет жүйесінде оқытудың инфраструктурасы қалыптастырылған, оның құрамына Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясы, өңірлік қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталықтары және тағы басқа білім беру мекемелері енеді.

Мeритократия, тиімділік пен нәтижелік, трaнспаренттілік пен қоғам алдында есеп беру ұстанымдарына негізделген мемлекеттік қызмет жүйесінің қалыптасуын 1999 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы қамтамасыз етті. Аталған Заңға сәйкес, елдің бірыңғай кадрлық саясаты айқындалды, ал ең бастысы міндетті конкурстық іріктеуді енгізу арқылы азаматтардың мемлекеттік қызметке түсудегі тең қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша Конституциялық құқықтары жүзеге асырыла бастады.

Мeмлекеттік қызметші болу — бұл үлкен aбырой мен міндет. Ол билік пен халық арасында байланыстырушы буын болып табылады. Сондықтан да әр саланың сапалы жұмыс істеуі, жетістікке жетуі мамандардың біліміне, біліктілігіне тікелей байланысты. Мемлекеттік қызметкер-билік пен қарапайым халық арасындағы дәнекер. Мемлекеттің атынан жұмысын атқарып, мемлекет мүддесін қорғайтын қызметкерлердің өзін-өзі ұстауына, адамдармен қарым-қатынасына, сөйлеу мәнеріне, шеберлігіне, сауаттылығына қарап, азаматтардың да билікке деген сенімі нығая түседі. Бір мемлекеттік қызметкердің оғаш ісі бүкіл бір құрылымның беделіне нұқсан келтіріп, сеніміне селкеу түсіруі мүмкін. Осыған орай, бүгінде мемлекеттік құрылымдарға жұмыс істеуге үмітті жандарға талап өте қатал.

Мeмлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады. Мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық бейнесіне жоғары талаптар қоятыны, мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға не сыбайлас жемқорлыққа жанасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын әрекеттерге жол бермеуі тиіс.

Н.Ахмет, Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі  мамандандырылған ауданаралық сотының приставы

Точка юридической истины 

В НАЧАЛЕ 2026 ГОДА В НОТАРИАЛЬНОМ СООБЩЕСТВЕ КАЗАХСТАНА ПРОИЗОШЛО...

Казахстан продвигает финансирование технологий будущего и расширяет доступ к инвестициям в рамках Банка развития ШОС

Казахстан продвигает приоритеты финансирования технологий будущего в рамках создаваемого...

“ТАТУЛЫҒЫ ЖАРАСҚАН ЕЛДЕ ТУҒАНЫМА МАҚТАНАМЫН”

Отан үшін жасалатын қызметтің қашанда орны ерекше. Татулығы жарасқан...

ТІЛГЕ ДЕГЕН ҚҰРМЕТТІ ОТБАСЫМЫЗДАН БАСТАЙЫҚ!

Татулығы жарасқан елімізде барлық ұлттың өкілдері бір үйдің баласындай...

Түркістан облысында 600-ден астам студентке құқықтық ақпарат берілді

Түркістан облысында 600-ден астам студентке құқықтық және тәрбиелік ақпарат...