Жарма ауданында «Есепте тұрған тұлғалар» атты ОПМ жүргізілуде

10-23 ақпан аралығында Жарма ауданында сотталғандарды қайта әлеуметтендіру және профилактикалық бақылауды күшейту мақсатында «Есепте тұрған тұлғалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде.
Іс-шараға барлығы 15 қызметкер жұмылдырылып, пробация қызметінің қызметкерлері мен Жарма ауданының учаскелік полиция инспекторлары күн сайын тұрғылықты жері бойынша тексеріс жүргізіп, есепте тұрған адамдармен профилактикалық жұмыстарды жасауда, үйме-үй аралаудың үшінші күнінде есепте тұрған 20-ға жуық сотталған тексерілді, оған 15-тен астам қызметкер тартылды.
Іс-шараға қатысқан жеке құрам өз жұмысын анықталған бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілікпен жүргізуде және күн сайын басшылыққа есеп беру арқылы тексеру нәтижелерін көрсетеді, осылайша бүгінгі күні орын алуы мүмкін қауіптердің нақты көрінісін анықтайды, — деп хабарлайды пробация қызметінің инспекторы Диана Советканова.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...