Жансая Әбдімәлік Алматы шахмат федерациясының президенті болды

Алматыда Шахмат федерациясы құрылды. Ұйымның президенті болып Жансая Әбдімәлік тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қазақстандық шахматшының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа ұйым Алматы шахмат одағынан шыққаннан кейін аккредитациядан өтіп, қалада шахмат мәдениетін дамытпақ.

«Федерация 2024 жылға дейін төрт негізгі бағытты дамытуды жоспарлап отыр: азаматтар арасындағы бұқаралық спорт, мектептегі шахмат, элиталық спорт, сондай-ақ ардагерлерді қолдау», — деді Жансая Әбдімәлік.

Жансая Әбдімәліктің әкесі, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Данияр Әшіров Жансаяның халықаралық турнирлер мен оқу-жаттығу жиындарына қатысуда үлкен тәжірибесі бар белсенді спортшы екені федерация үшін үлкен артықшылық болатынын атап өтті.

«Қазақстаннан шыққан шахматтан тұңғыш әлем чемпионының өзі туып-өскен қалада — Алматы шахмат федерациясының президенті болуының символдық мәні бар. Жансаяның келуімен жағдай жақсы жаққа өзгереді: Алматыда шахматты дамыту үшін турнирлерге, элиталық шахматшылар мен басқа елдер жаттықтырушыларын шақыруға мүмкіндіктер ашылады», — деді Данияр Әшіров.

ПОЛИЦИЯ ҮЙІНІҢ АЛДЫНА 500-ГЕ ЖУЫҚ ЖАРАМСЫЗ ДӨҢГЕЛЕК ЖИНАП, ТАЗАЛЫҚ ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН ТҰРҒЫНДЫ АНЫҚТАДЫ

Түркістан облысының полицейлері өңірдегі тазалық пен абаттандыру талаптарының сақталуын...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ НЕГІЗІ

Тілді құрметтеу – ұлтты, елді құрметтеу. Қазақ тілі –...

Новые увлечения и первые успехи: чему подростки учатся в досуговых центрах Медеуского района

В Алматы работают 100 досуговых центров, которые регулярно посещают...

Бостандық ауданында тоғызқұмалақтан BOSTAN CUP турнирі өтті

18 қараша күні Алматы қаласының Бостандық ауданында ұлттық зияткерлік...