Жаңа жыл қарсаңында Абай облысы ҚАЖД №19 мекемесінің қызметкерлері онкологиялық науқастарға донор болды

Жаңа жыл қарсаңында Абай облысы ҚАЖД №19 мекемесінің қызметкерлері «ҚАН ТАПСЫРЫП–ӨМІРДІ САҚТА» қайырымдылық акциясын ұйымдастыру туралы шешім қабылдады.
Іс-шараның мақсаты- донор қанының өмірлік маңызы бар адамдарға көмек көрсету және олардың үлгісі бойынша барынша көп адамды қатарға тарту болып табылады.
Мекеме қызметкерлері қан тапсыру науқандарын үнемі жүргізіп отырады. Жаңа жыл қарсаңында қызметкерлер онкологиялық науқастарға қан тапсыру туралы шешім қабылдады.
Потенциалды донорларды және олардың денсаулық жағдайын тексергеннен кейін, 30 қызметкерден, облыстық қан орталығы мекеменің 25-ке жуық қызметкеріне қан тапсыруға рұқсат берді.
Қазір біз қатерлі ісікке шалдыққан адамдарды жиі кездестіреміз, мұндай науқастарға күн сайын донорлық қан қажет. Ол оларға химиотерапияны алу мен ота жасауды жеңілдетіп, ем алып жылдам сауығып кетуге көмектеседі. Тәжірибе көрсеткендей, қан қоюды көбіне жас пациенттер қажет етеді, — дейді Абай облысы денсаулық сақтау мекемесінің облыстық қан орталығының донор кадрларын іріктеу бөлімінің терапевт-дәрігері Сәуле Тұрарова.
Бүгін жаңа жылдық мереке қарсаңында біз «ҚАТЕРЛІ ІСІК» диагнозы қойылған емделушілерге көмек көрсетуді ұйғардық. Бүгін біз қиын жағдайға ұшыраған көптеген адамдарға көмектескенімізге қуаныштымын және қан донорлары қатарына барынша көп азаматтар тартуды қалаймыз. Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің кәсібі өмір мен денсаулық үшін қауіп-қатермен байланысты, сондықтан да нысанды киім киген адамдар донорлықтың қажеттілігін басқалардан кем түсінбейді, — деп атап өтті мекеме бастығының орынбасары Айдын Калелов.

Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде сотталғандар Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне хат жазды

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары...

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай осужденные написали письма ветеранам Великой Отечественной войны

В учреждении максимальной безопасности Департамента уголовно-исполнительной системы по области...

Ынтымағы жарасқан ел – еңселі ел” тақырыбында іс-шара өтті

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай №79...

Мерекелік концерт өтті

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Атырау...