Жамбыл облысының экс-әкімі ұсталды

ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің директоры Кәрім Көкірекбаев ұсталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Кәрім Көкрекбаевтың пара алу кезінде ұсталғаны туралы ақпарат ресми растады.

Көкірекбаев «BAZIS CONSTRUCTION» — «INFR.» ЖШС бөлімшесінің директоры Андрей Поплавскийден шамамен 800 мың доллар пара алу кезінде ұсталған.

Айта кетейік, Кәрім Көкірекбаев 1957 жылы 28 шілдеде Жамбыл облысы Шу ауданында туған.

Еңбек жолын 1975 жылы Шу станциясы локомотив депосы машинисінің көмекшісі болып бастады.

Әр жылдары табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау вице-министрі, «Air Kazakhstan Tour» компаниясының бас директоры, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ бас инженері, басқарушы директоры, вице-президенті, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.

2013 жылдың желтоқсанынан 2018 жылдың қаңтарына дейін Жамбыл облысының әкімі болды.

2018 жылдың ақпаны мен 2019 жылдың тамызы аралығында Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі қызметін атқарды.

RESPUBLICA ӨҢІРЛІК ШТАБТАРДАҒЫ ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРДЫ

26 қарашада Respublica партиясының өңірлік филиалдарында мәслихатдепутаттарының кезектен тыс сайлауы алдындағы үгіт-насихат науқанының аяқталуынаарналған сайлау штабтарының қорытынды отырыстары өтті. Отырыстар барысында өңірлік командалар атқарылған жұмыстардықорытындылап, сайлаушылармен өзара байланыс және алдағы дауыс беру күнінеұйымдастырушылық дайындық мәселелерін талқылады. Үгіт-насихат кезеңінде партия кандидаттары мен белсенділері еңбек ұжымдарымен,...

ТАТУЛАСУ – ДАУДЫ ШЕШУДІҢ ЕҢ ТИІМДІ ӘДІСІ

Қоғам өмірінде адамдар арасында түрлі келіспеушіліктер мен даулы мәселелердің...

Отбасылық бақыт өзімізден басталады

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №21 мекемесінің жеке құрам...