Жалдамалы пәтердің 50 пайызын мемлекет төлейді: өтініш берушіге қандай талаптар қойылады?

Жалдамалы пәтер ақысының 50 пайызын мемлекет төлеуі үшін өтініш берушіге қандай талаптар қойылатыны айтылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Үкімет отырысында айтты. Министрдің айтуынша, шамамен 70 мың адамға қолдау көрсету жоспарланып отыр. Ол үшін бюджеттен 50 миллиард теңге қажет. Кезекте тұрған адам санына байланысты бұл қаражат көлемі жыл сайын өзгеріп тұруы мүмкін. 

«Өтініш берушіге қойылатын негізгі талаптар: біріншіден, ҚР азаматтығы. Екіншіден, отбасының кейінгі алты айдағы жиынтық табысы отбасының әр мүшесіне шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейінен 1 еселенген шамасынан аспауы. Үшіншіден, тұрғын үйге мұқтаж ретінде әкімдікке кезекте тұрғанын растауы«, — деді Қайырбек Өскенбаев Үкімет отырысында. 

Сонымен қатар, министрдің айтуынша, тұрғын үй иесі мен өтініш беруші арасында шарт жасалуы керек. 

Еске салайық, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әлеуметтік осал топтарға жалға алып отырған тұрғын үйінің 50 пайызын үкімет төлейтіндей көмек тетігін әзірлеген болатын. Яғни жалға алу құнының 50 пайызын мемлекет, қалған 50 пайызын жалға алушы төлейді.

Кассациялық сот – әділ сот төрелігінің жаңа кезеңі

Құқықтық мемлекет құру жолында сот жүйесінің әділдігі мен ашықтығы...

Халықаралық құжат айналымындағы апостиль рөлі

Көпшілік үшін «апостиль» сөзі тек құжат рәсімдеумен байланысты қарапайым...

Аумақтан тыс соттылық – маңызды құқықтық қадам

Қазіргі қоғамда сот жүйесіне деген сенім – құқықтық мемлекетттің...

С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей

Сегодня в Казахстане функционирует более 70 театров, из которых...

Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

Бүгінде Қазақстанда 70-тен астам театр жұмыс істейді, оның 59-ы...