Халықаралық құжат айналымындағы апостиль рөлі

Көпшілік үшін «апостиль» сөзі тек құжат рәсімдеумен байланысты қарапайым термин болып көрінуі мүмкін. Алайда оның ар жағында адамның үлкен арманы, жаңа өмірге жасаған қадамы, болашаққа деген сенімі жатады.

Апостиль – бұл жай ғана мөр емес. Ол – мемлекеттердің бір-біріне деген құқықтық сенімінің белгісі. Бір елде берілген құжаттың екінші мемлекетте мойындалуына мүмкіндік беретін халықаралық жүйе десек те болады. Қазіргі заманда уақыттың қадірі ерекше. Сондықтан мемлекеттік қызметтердің цифрландырылуы апостиль рәсімін де жеңілдетті. Бүгінде азаматтар кейбір қызметтерді электронды түрде рәсімдеп, кезекке тұрмай-ақ қажетті құжаттарын дайындай алады. Құжаттағы кішкентай ғана белгі адамның тағдырындағы үлкен өзгерістерге себеп болуы әбден мүмкін.

Апостиль қою үшін ұсынылған соттың ресми құжаттарына қол қоюға және мөртаңба басуға сот шешімін шығарған судья, ал егерде судья болмаған жағдайда соттың төрағасы уәкілетті.     Апостильденген құжат кез-келген басқа аттестациялауды немесе заңдастыруды талап етпейді және апостильденген құжаттарды Гаага конвенцияға қатысушы барлық мемлекеттердің ресми органдары мойындайтынын атап өткен жөн.

Апостиль қоюға ұсынылған құжаттағы судьялардың қолдары мен сот мөртаңбаларының шынайылығын тексеру қызметін ұйымдастыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Порталында республикадағы қызмет атқарып жатқан судьялардың қолдары мен соттар мөртаңбаларының электронды нұсқасы енгізілген Сервис құрылып, өз қызметін атқаруда.

Қорытындылай келе, апостиль қазіргі жаһандану дәуірінде ерекше маңызға ие рәсімдердің бірі. Әлем елдерімен байланыс артқан сайын, оның қажеттілігі де арта түсетіні белгілі. Ең бастысы – азаматтар бұл жүйенің мәнін түсініп, құжат рәсімдеу кезінде оның маңызын ескеру керек.  Халықаралық құқықтық қатынастар кезінде апостиль құжаттардың заңды күшін танудың маңызды тетігі.

Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотының бас маманы Б.Ердәулет   

Салауатты өмір салтына бірге: сотталғандар жолдастық ойын өткізді

Семей қаласындағы футбол алаңында Абай облысы бойынша қауіпсіздігі барынша...

Мемлекеттік тілді насихаттау және оның қолдану аясын кеңейту

        Мемлекеттік тіл — кез келген елдің рухани байлығы, ұлттық...

СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАЙ-КҮЙІ

Мемлекеттік тіл – елдің қоғамдық және мемлекеттік өміріндегі маңызды...

Ювеналды соттардың соттылық мәселелері

Қазақстан Республикасының сот жүйесінде соттылық ұғымы – әрбір азаматтың...

Вместе к здоровому образу жизни: осуждённые провели товарищеский матч

В Семее на городском футбольном поле состоялась товарищеская игра...