spot_img
spot_img

Қазақстанда жаппай тәртіпсіздікке шақырғандар қатаң жазаға тартылады

Қазақстанда жаппай тәртіпсіздікке шақырғандар қатаң жазаға тартылады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенатта «Қылмыстық сот төрелігі, жазаны орындау және азаптаулар мен қатыгездіктің алдын алу саласындағы адам құқықтары мәселелері жөніндегі қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық-атқару кодекстеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралады.

«Жаппай тәртіпсіздіктерге шақырғаны үшін жазаны күшейту қарастырылып жатыр. Қылмыстық кодекстің 272-бабының 1-бөлігінің санкциясы 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады. Соның ішінде Қылмыстық кодекстің 272-бабының 2-бөлігі 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады», — деді Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов.

Сондай-ақ қылмыстық топ құрамында жасалған бұзақылық үшін санкцияны күшейту жоспарланып отыр. Қылмыстық кодекстің 293-бабының 3-4-бөліктеріндегі санкция 5 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны қарастырады.

«Қылмыстық топтың құрамында ерекше цинизммен жасалған кісі өлтіру және бандитизм үшін де санкцияларды күшейту жоспарланып отыр. Заң мұндай адамдарға шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдану мүмкіндігін жоққа шығаруы керек», — делінген хабарламада.

ПРОВЕДЕН ДЕТСКИЙ ТУРИСТИЧЕСКИЙ ФЕСТИВАЛЬ «ТУРИЗМ ПРОТИВ НАРКОТИКОВ!»

Управление по противодействию наркопреступности ОДП Кызылординской области с привлечением...

«ТУРИЗМ ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ!» АТТЫ БАЛАЛАР АРАСЫНДА ТУРИСТІК ФЕСТИВАЛЬ ӨТКІЗІЛДІ

Қызылорда облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, "Спорттық...

Финал НХЛ 2023: Вегас против Флориды

В плей-офф НХЛ осталась лишь одна серия – в...

Астана халықаралық форумының маңызы туралы

Астана Халықаралық форумы (ХФА) сыртқы саясат және халықаралық қауіпсіздік,...

О значении Международного форума Астана

Международный форум Астана (МФА) имеет уникальный формат, нацеленный на...