12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қазақстанда жел паркі салынады: Франциямен келісімге қол қойылды

«Самұрық-Қазына», «ҚазМұнайГаз» және Францияның Total Eren компаниясы Қазақстанның оңтүстік-шығысында жел паркін салады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен Францияның Еуропа және Сыртқы істер министрлігі арасында Жамбыл облысында қуаты 1 ГВт болатын жел электр станциясын салу мәселелері туралы Үкіметаралық келісімге қол қойылды. Қол қою рәсіміне Мемлекет басшысы қатысты.

Жел электр станциясы 2026-2027 жылдары пайдалануға беріледі, бұл біздің еліміздегі ЖЭК нысандарының жиынтық энергия өндірісін шамамен 50 пайызға арттырады.

Жобаның болжамды құны — 1,9 миллиард доллар.

Қазақстанда алғаш рет жел электр станциясы электр қуатын жинақтау жүйесімен толықтырылады. Бұл жобаның бірегейлігін көрсетеді. Аталған бастама жаңартылатын энергия өндірісінің табиғи құбылмалылығын реттеуге, артық электр энергиясын жинақтауға және энергия желісінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Рақымшылық Заңының маңызы зор!

Қазақстанда кезекті рақымшылық заңы қабылданды. Бұл ел тәуелсіздігін алғаннан...

Кәсіподақтар Президент реформаларын жүзеге асыруға қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді

Жұма күні, 11 шілдеде Астанада Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының...

ЭТИКА В МАНТИИ: КАК СУДЬИ КАЗАХСТАНА ХРАНЯТ ДОВЕРИЕ ОБЩЕСТВА

Судебная система — это не только законы и процедуры,...