12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img

Ақтөбеде оқушыларға басқа вакцина салынған: министрлік тексеруді бастады

Денсаулық сақтау министрлігі Ақтөбедегі мектеп оқушыларын БЦЖ вакцинасымен қайта вакциналау дерегі бойынша қызметтік тексеруді бастады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство мәліметіне сілтеме жасап.

«Қазіргі уақытта бұл инцидент бойынша құрамында Денсаулық сақтау министрлігінің бейінді Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеттерінің басшылары, бейінді мамандары бар комиссия құрылды, олар эпидемиологиялық тексеру жүргізіп, сараптамалық қорытындының негізінде болған инцидентке баға береді», — делінген хабарламада.  

Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау басқармасы ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, балалардың денсаулық жағдайына тұрақты мониторинг жүргізіп жатқаны айтылды.

Еске салайық, 13 қыркүйекте Ақтөбеде бірінші сыныпқа баратын 42 оқушыға мантудың орнына шатасып туберкулезге қарсы тірі вакцина салынғаны хабарланған болатын.

Қоғамдық кеңес отырысы өтті

Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті Денсаулық...

Алматы облысында Жол картасы щенберінде колонияда мерекелік шара өтті

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД қарасты...

Алматы қаласындағы жаза өтеушілерге санитарлық мамандар дәріс оқыды

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаментінің...

Сотталғандарды жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын ашу жұмысы

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД №14...

4 СОТТАЛҒАН АЗАМАТ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі...