spot_img
spot_img

Түркістанға ерекше мәртебе беріледі

Түркістанға ерекше мәртебе беріледі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына жұмыс сапары барысында айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Біз киелі шаһарды рухани және тарихи елордамыз десек, дұрыс пайым болатынына күмәнім жоқ. Сондықтан Үкімет таяу арада Түркістан қаласына осындай мәртебе беру мәселесіне қатысты лайықты шешім қабылдайды деп ойлаймын «, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Түркістан қастерлі шаһар көне заманнан бері ұлттың ұясы, қазақтың қара шаңырағы болып келгенін атап өтті.

«Түркістан осы мәртебелі міндетін қазір де абыроймен атқарып отыр. Сол себепті, мен ата жолын ұстанып, Ұлттық құрылтайдың келесі отырысын Түркістанда өткізуді ұсындым. Онда ел болашағына қатысты өзекті мәселелерді талқылаймыз», — деді ол.

ҚАЖК басшысының орынбасары Алматы облысының колонияларына барды

ҚАЖК төрағасының бірінші орынбасары Сағат Мәдиев жұмыс сапарымен Алматы...

Заместитель главы КУИС посетил колонии Алматинской области

Первый заместитель председателя КУИС Сагат Мадиев с рабочим визитом...

Елордалық колонияда өрт сөндіру тақырыбы бойынша оқу-жаттығу өтті

Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №3 мекемесінің қызметкерлерімен...

Сенбілік шарасы өтті

Наурыз айының 25-ші жұлдызында Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі...

ВСЕ МЕРЫ ПРЕДОСТОРОЖНОСТИ

Ежедневно мошенники рассылают вредоносных троянцев, специализирующихся на краже учетных...