12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қазақстан президенттігіне үміткерлерді ұсыну қашан басталады?

Алдағы сайлауда Қазақстан президенттігіне үміткерлерді ұсыну 23 қыркүйекте басталады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Өздеріңіз білетіндей, кеше Қазақстан Республикасының кезектен тыс президенттік сайлауын 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындау туралы Жарлыққа қол қойылды. Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді. Бүгінде ол «Казахстанская правда» мен «Егемен Қазақстанда» жарияланады. Яғни, бүгіннен бастап қаулы күшіне енді. Президенттікке кандидаттарды ұсыну сайлау тағайындалған күннен кейінгі күні, яғни 23 қыркүйектен басталып, биылғы 11 қазанында сағат 18:00-де аяқталуы тиіс», — деді Петров.

Ол сайлау туралы Конституциялық заңның 55-бабы 1-тармағына сәйкес президенттікке кандидаттар ұсыну құқығы белгіленген тәртіппен тіркелген республикалық қоғамдық бірлестіктерге тиесілі екенін түсіндірді.

Ұсыну туралы шешім республикалық қоғамдық бірлестіктің жоғары органы мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады.

Рақымшылық Заңының маңызы зор!

Қазақстанда кезекті рақымшылық заңы қабылданды. Бұл ел тәуелсіздігін алғаннан...

Кәсіподақтар Президент реформаларын жүзеге асыруға қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді

Жұма күні, 11 шілдеде Астанада Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының...

ЭТИКА В МАНТИИ: КАК СУДЬИ КАЗАХСТАНА ХРАНЯТ ДОВЕРИЕ ОБЩЕСТВА

Судебная система — это не только законы и процедуры,...