12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Балалардың бабын тапқан Айнұр Әкімжанқызы

Баланың өсіп дамуында массаждың орны бөлек екенін мамандар жиі айтуда. Сондықтан сәбидің тезірек тірек қимыл жүйесінің дамуы үшін, бұлшықеттер қатайып, еңбектеуі үшін тұрақты түрде бір жасқа толғанша бірнеше рет массаж емін тағайындап жүр. Яғни массаж жаңа туған сәби үшін маңызды. Осы орайда қоғамға қажетті мамандықты игеріп бүгінде осы кәсібімен халыққа қызмет етіп, тіпті қайырымдылық істеріне де пайдаланып жүргендер бар.

Солардың бірі Алжан Айнұр Әкімжанқызы. 1992 жылы 1 — қазанда Түркістан облысы Сайрам ауданында дүниеге келген. Кішкентай кезімнен балаларды емдеп, балалар дәрігері болуды армандаған. Алайда тағдырдың жазуымен Алматы қаласындағы №1 Қазақ мемлекеттік педагогикалық колледжінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі мамандығын оқып бітірген. Кейін балалық арманы жетелеп С.Ж. Асфендияров атындағы ұлттық медициналық университетіне түседі. Қазір армандаған мамандығы бойынша қызмет етуді.
Балалар ортопеді, травматолог реабилитолог дәрігері ретінде мыңдаған балаға отасыз медициналық емдік лфк массаж жасап, 57000 балағы ем жасаған. Бұл мамандықты таңдауға өміріндегі кейбір жағдайлар әсер еткен.

Ол туралы Айнұрдың өзі «балам 1 жас 2 айға келгенде Дисплазия ТБС Аплазия секілді ауыр диагноз қойылып, бір ұршық шықпай жүруі қиындады. Қатты ауырды ол кезде мен студентпін. Сонымен бармаған жерім, баспаған тауым қалмай қатты қиналдым. Өйткені 2 айдың ішінде емделмесе операция жасаймыз деді. Өзім осы салада оқып жатқан соң баламның диагнозын қатты оқып зерттей бастадым. Ана болған соң баламды отасыз емдегім келді. Сәбилерге арналған массажға қатты қызығып, одан әрі дамытып, жан жақтан Ресей елінен Түрік елдерінен білім ала бастадым. Сонымен баламды өзім емдеп ұршығын шығарып операциядан аман алып қалдым. Содан бастап балаларды отасыз емдеуге ден қоя бастадым» дейді.

Осыдан соң ойлана бастайды. Өзі секілді қаншама адамның қиналып жүргенін ескеріп, балалар массажисті болуға ұмтылады. Елімізде алғаш рет Алматы қаласынан BABYMASSAGE ACADEMY ортопедиялық сәби массаж орталығын ашып, 2018 жылдан бастап жұмыс жасай бастайды.

Орталықта мүмкіндігі шектеулі балаларға арнап арнайы жеңілдіктер де қарастырылған. Одан бөлек 0 жастан бастап 16 жасқа дейінгі балалар емделетін арнайы Физио кабинеті, ЛФК АФК кабинеттері бар. Сенсорлық кабинеттері де бар. 98 000 балаға ем жасап, оның ішінде ауыр диагноз қойылған 17000 мың баланы отасыз емдеген.
Бүгінде орталық кәсіби білікті, жоғары білімді ең жақсы мамандармен қамтылған.


«Менің мақсатым әрбір баланың дені сау болуы үшін еліме жеріме аянбай қызмет ету, әрбір ананың жүрегі баласы, дені сау ұрпақ ел болашағы» дейді BABYMASSAGE ACADEMY медициналық орталығының құрушысы Айнұр Әкімжанқызы.

ҚАЖ қызметкерлері сотталғандарды бостандыққа бейімдеу жұмыстарын атқаруда

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаменті...

Тәлімгерлер мен олардың жас қызметкерлері Невзоровтар отбасылық бейнелеу өнері мұражайында болды

Абай облысында «Халықаралық мұражай күні» қарсаңында сіздігі аралас мекемеде...