“Күзгі кездесулер” атты француз тіліндегі әдеби-музыкалық кеш


2023 жылы 10 қараша күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының француз тілін сүйетіндер клубы “Күзгі кездесулер”(Les Rencontres d’Automne) атты француз тілінде әдеби-музыкалық кеш өткізді.
Аталмыш іс-шара Қазақстандағы тұрақты даму мақсаттарының төртінші “Сапалы білім” мақсатына сәйкес ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты — студенттердің француз тілін үйренуге қызығушылығын арттыра отырып, қоршаған ортаны қорғауға,еңбекке үйрету,сондай-ақ көпұлтты ортада мәдени алмасу.
Әдеби-музыкалық кеш француз тілі пәнінің оқытушылары Мақатаева Шолпан Мұқағалиқызы мен Айтжанова Гүлнара Досхожақызының ұйымдастырылып, тізгінделді.

Кеш барысында мұғалімдер мен студенттер француз тілінде күз туралы ерекше мәліметтер айтумен қатар, күз тақырыбында өлеңдер оқыды.
Атап айтсақ: 6В02303-Шетел филологиясы (батыс тілдері) мамандығы,2 курс студенттері Баярова Муниса мен Сабирова Шахиста француз ақыны Chloé Douglas-тың “L’Automne» өлеңін,Нурметов Хурсанд пен Хабибуллаева Манзура Theodore de Banville-дің шығармасынан үзінді оқыса ,Абдуллаева Севара Alphonse de Lemartine -нің “Méditations poétiques» өлеңін оқып берді.


Кеште француз тілінде өлеңдер оқылып ғана қоймай,мерекелік шара түркімен халқының ұлттық билерімен жалғасып, бельгиялық франкофон әнші, рэпер Stromae әніне арналған бимен жалғасын тапты.
Кездесудің арнайы қонағы-университетімізде академиялық ұтқырлықпен білім алып жүрген Université de Mons (Бельгия) студенті Нина Тахир болды. Сондай-ақ,шараға кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік істер жөніндегі орынбасары Искакова Гүлназ Нұрділдақызы мен испан тілі пәнінің оқытушысы доцент Самат Өтениязовтар қатысты.

     Мақатаева Шолпан Мұқағалиқызы, Айтжанова Гүлнара Досхожақызы 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының француз тілі пәнінің оқытушылары

Территория новых увлечений и побед 

Два новых государственных комплекса TANYM ART и TANYM SPORT...

Под единым шаныраком

ВЕКТОР ИСТОРИЧЕСКОГО РАЗВИТИЯ КАЗАХСТАНА НЕИЗМЕННО ОПИРАЕТСЯ НА ЕГО ФУНДАМЕНТАЛЬНЫЕ...

Не карать, а помогать 

В ПОСЛЕДНИЕ ГОДЫ ПРАВООХРАНИТЕЛЬНАЯ СИСТЕМА КАЗАХСТАНА ПЕРЕЖИВАЕТ СУЩЕСТВЕННУЮ ТРАНСФОРМАЦИЮ,...

Судьялар Одағына 30 жыл

Судьялар Одағы 1996 жылғы алғашқы сеъзінде өз жұмысын бастаған,...

В канун Дня Республики Президент наградил граждан, внесших личный вклад в развитие страны

В преддверии Дня Республики президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев подписал...