spot_img
spot_img

Гендерлік теңдік

Қазіргі таңда гендерлік теңдік мәселесі тек Қазақстанда ғана емес, барлық елдердегі өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Гендерлік теңдік – адамның маңызды құқықтарының бірі және қоғамда бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету және адам әлеуетін толыққанды іске асыруда шешуші рөл атқарады. Адамзат өркениетінің даму деңгейіне қарамастан, қазіргі қоғамда ғасырлар бойы, тіпті мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан гендерлік стереотиптер әлі де бар. Олар ерлер мен әйелдердің мінез-құлқының «дәстүрлі» моделін білдіреді. Ерлер мен әйелдерге отбасылық және әлеуметтік өмірде белгілі бір әлеуметтік рөлдер беріледі. Бірақ бұл стереотиптер ХХІ ғасырда орын алған жоқ, сондықтан қазір бүкіл әлемде өмірдің барлық салаларында екі гендерге де тең құқықтар беру қозғалысы бар.

Заманауи уақыт талабына сәйкес студенттердің жаңаша дүниелік көзқарасын қалыптастыру, ой көкжиегін кеңейту мақсатында 2 қараша күні «Шетел филологиясы және аударма ісі» кафедрасының оқытушысы Байелі Әсел Жарылқасынқызы және 2 курс магистранттарының ұйымдастыруымен, 2 курс Шетел филологиясы (батыс тілдері) білім беру бағдарламасының студенттерінің қатысуымен тұрақты даму саласындағы мақсаттарды жүзеге асыру аясында бірге «Гендерлік теңдік» тақырыбында іс-шара өткізілді.

Іс-шара ең алдымен студенттерге «Гендерлік теңдік» ұғымының дефинициясын анықтап, аталмыш тақырыптың өзектілігін айқындап көрсетумен басталды. Гендерлік теңдіктің қазіргі таңдағы маңыздылығын аша түсетін нақты дәлелдер келтіріліп, біршама фактілер аталып өтті.

Студенттердің өз пікірлерін ашық білдіріп, көпшілік арасында сенімді сөйлеу қабілеттерін де шыңдауды негізге ала отырып, іс-шара пікірталас түрінде ұйымдастырылды. Студенттер екі топқа бөлініп, өздерінің тақырып бойынша жалпы түсініктерін, ер мен әйел арасындағы теңдіктің біздің еліміздегі алатын орнын, біздің қоғамға қаншалықты керек екендігін қызу талқыға алды.

Айта кету керек, гендерлік теңдіктің не екенін бәрі бірдей дұрыс түсінбейді. Бұл ерлер мен әйелдер арасындағы биологиялық айырмашылықты жоққа шығару туралы емес. Бұл әйелдер мен ерлердің өзін-өзі тануға тең мүмкіндіктер беру арқылы гендерлік стереотиптерден арылу туралы деген қорытындыға келдік.  

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,

Шетел филологиясы және аударма ісі

Кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ.к,. Байелі Ә.Ж

2 курс магистранттары Кеңесхан Аңса, Конысбаева Диана, Турганбаева Жансая, Абдреш Гүлім

Мемлекеттік тілге құрмет — елге құрмет

Қазақстан Республикасы мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Мемлекеттік ұйымдарда...

АКЦЕНТ – НА ОПЕРЕЖАЮЩИЕ ПОДХОДЫ

ПОСТАНОВЛЕНИЕМ ПРАВИТЕЛЬСТВА №1117 ОТ 19 ДЕКАБРЯ 2025 ГОДА В...

ПОЧЕМУ МЫ БОЛЬШЕ НЕ ЧУВСТВУЕМ ПРАЗДНИКИ?

ПРАЗДНИК РЕДКО ОПРЕДЕЛЯЕТСЯ ВНЕШНИМИ АТРИБУТАМИ, ХОТЯ ИМЕННО ОНИ ЧАЩЕ...

ОБ ОБРАЗОВАНИИ И КУЛЬТУРНОЙ ИДЕНТИЧНОСТИ

5 января 2026 года Президент Республики Казахстан Касым -Жомарт...

СТРАТЕГИЯ: КУРС В ЭПОХУ ИИ

Объявление 2026 года Годом развития цифровизации и искусственного интеллекта...