Аумақтан тыс соттылық Сот төрелігін жетілдіруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан Республикасында сот жүйесін модернизациялау және азаматтардың құқықтарын тиімді қорғауды қамтамасыз ету бағытында соңғы жылдары ауқымды реформалар жүргізіліп келеді. Сол жаңашыл бастамалардың бірі — сот ісін жүргізуде аумақтан тыс (эксаумақтық) соттылық институтының енгізілуі. Бұл тетік сот төрелігінің қолжетімділігін арттыруға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге және азаматтардың сотқа деген сенімін күшейтуге өз ықпалын тигізеді.

Эксаумақтық соттылықтың заңнамалық негізі

2021 жылғы 20 желтоқсанда қабылданған заң арқылы Азаматтық процестік кодекстің 32-бабына «эксаумақтық соттылық» түсінігі енгізілді. Бұл норма 2022 жылдың 1 тамызынан бастап қолданысқа енді.

Аталған бапқа сәйкес, тараптар сот талқылауына дайындық кезеңінде өзара келісім арқылы істің аумақтық соттылығын өзгертіп, оны басқа өңірдегі сотта қарауды таңдай алады. Бұл тараптарға бұрынғыға қарағанда әлдеқайда қолайлы мүмкіндік береді.

Қолдану тәртібі

Судья азаматтық іс қозғалғаннан кейін тараптарға эксаумақтық соттылықты қолдану құқығын түсіндіреді. Тараптар келісіп, өтініш білдірсе, іс электрондық форматта басқа сотқа жіберіледі. Тараптар онлайн бейнеконференция арқылы қатыса алады.

Әкімшілік істерге енгізілуі

2025 жылдың 1 наурызынан бастап әкімшілік процестерде де эксаумақтық соттылық қолданылады. Талап қоюшы жауапкер әкімшілік орган болған жағдайда істі қай сотта қаратуға болатынын өзі таңдайды.

Маңызы

— Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері азаяды.
— Сотқа сенім артады.
— Қашықтан қатысу мүмкіндігі жеңілдейді.
— Сот төрелігі барынша қолжетімді болады.

                                             Қызылорда облысының мамандандырылған

                                            ауданаралық әкімшілік сотының бас маманы 

                                             сот отырысының хатшысы Қ.Амангелді

Әлеуметтік көмектегі әділдік: мемлекет қолдауы кімдерге бағытталуы керек?

Айтпақшы, Жетісай ауданындағы бұл үй шынымен бар. Онда расында...

ҚазҰУ-дағы студенттік өмір және жастар бастамалары

     Ғылыми конференцияда алғашқы зерттеуін таныстыру, қайырымдылық шарасын ұйымдастыру немесе...

    ҚазҰУ түлектері – ел дамуына елеулі үлес қосуда

      Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарихы оның түлектерінің еңбек...

Әділетті қоғам және заң үстемдігі

     Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультетінде студенттер Біріккен...

В учреждении УИС области Абай отметили праздник Хэллоуин

В женском учреждении УИС области Абай было организовано тематическое...