«Пара бермеңіз»: Қызылордада патрульдік машиналарда арнайы жапсырмалар пайда болды

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен елімізде ағымдағы жылғы тамыз айынан бастап «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы іске асырылуда.

Жобаның мақсаты белсенді азаматтарды, мемлекеттік органдарды, квазимемлекеттік сектор субъектілерін еріктілер ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке тарту болып табылады.

Жобаның корпоративтік бағыты аясында Антикор еріктілері жергілікті полиция қызметімен бірлесіп патрульдік автомобильдерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы жадынамаларды жапсыру бойынша акция өткізді.

Ел дамуын тежейтін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту — әрбір азаматтың борышы, сондықтан біз полиция қызметкерлерімен бірлескен іс-шара өткізуге бастамашылық жасадық. Патрульдік кең функционалды және өкілеттіктері бар қызмет инспекторлары тұрғындармен күн сайын байланыста болады, сол арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері құрылады. Жобаның еріктілері болуға және сыбайлас жемқорлықпен бірге күресуге шақырамын, — деді жоба еріктісі Алмат Бағдатов.

Акция аясында жергілікті полиция қызметінің 100 автокөлігіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Call-орталығының 1424 нөмірі бейнеленген стикерлер жапсырылды.

Айта кетейік, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы аясында Қызылордада 100-ге жуық волонтер тіркелген. Бұл жобаға «Қызылорда еріктілері» ҚҚ, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері, медициналық қызмет, төтенше жағдай қызметкерлері қосылды.

Еріктілер қатарына қосылған белсенділер бірлескен жұмыс арқылы қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ахуалын нығайтуға мүмкіндік беретініне сенімді.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...