12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Онлайн өткізілетін сот мәжілістерінің ерекшеліктері

Халықаралық қауымдастықтың бір мүшесі болғандықтан, әлемде
орын алып жатқан үрдістер тәуелсіз елімізді айналып өтпей қоймайды.
Біздің мемлекетімізде де ақпараттық технологиялардың көмегімен ауқымды
істер атқарылуда. Сот жүйесіне енгізілген ақпараттық технологияларды
солардың бір жарқын көрінісі ретінде атауға болады.

Мысалы, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне,
соттар жұмысының заманауи форматтарын ендіру, артық сот рәсімдері мен
шығындарын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы заңы соттардың жұмысын заманауи форматқа келтірді.
Халықтың сот төрелігіне деген сенімін нығайту басты мақсат болса, бұл
тұрғыда электронды сот төрелігінің маңызы аса жоғары. Олай дейтініміз,
соттардың жаңа технологиялар қызметін ұтымды пайдалануы жүйе
жұмысының сапасын арттыруға айрықша ықпал етті. Мысалы, «Төрелік»
ақпараттық жүйесі, «Сот кабинеті» және «Сот құжаттарымен таныстыру»
сервистері, «SMS хабарлама», «электронды шақырту қағаз», дыбыс-бейне
жазатын құрылғылар, бейне конференц арқылы сот төрелігін жүзеге асыру
секілді қызметтер бүгінгі таңда белсенді түрде іске асырылуда.
Осылардың ішінде соттардың қашықтықтан қызмет көрсетуі халық үшін
де, жүйе қызметкерлері үшін де тиімді тетік болды. Елімізде бейнеконференц
байланыс көмегімен сот отырысы алғаш рет 2015 жылы түзеу
мекемелеріндегі сотталғандармен өткізілсе, пандемия кезінде соттар
толықтай онлайн режимде жұмыс істеді.
Пандемия тұсында соттар заманауи технологиялар мүмкіндігін кеңінен
қолдана білді. Бұл өз кезегінде азаматтардың денсаулығын сақтауға, уақыты
мен қаржысын үнемдеуге және сот отырысының кейінге қалдырылмай,
уақытында өтуіне жол ашты. Ең бастысы халықтың сот төрелігіне деген
қолжетімділігін қамтамасыз етіп, құқықтары мен бостандықтарының дер
кезінде қорғалуына мүмкіндік берді. Сонымен қатар, бірыңғай сот
практикасын қалыптастырды.
Қазіргі таңда да бұл үрдіс жалғасуда, яғни, азаматтар онлайн процестердің
өздері үшін тиімді екеніне көз жеткізуде, оның нәтижесін сотқа
қашықтықтан жүгіну көрсеткішінің өсуінен көруге болады. Соттағы онлайн
отырыстар – қауіпсіздіктің бірден-бір кепілі саналады. Бұған қоса істерді
қашықтықтан қарау тараптардың тікелей сот отырысына қатысуын
қамтамасыз етеді және сот төрелігінің тиімділігін арттырып, қарау мерзімін
қысқартады.
Онлайн процестерде іс заңнаманың нормаларына сәйкес әдеттегі
тәртіппен қаралады. Сот отырысын өткізудің алдында техникалық
ақаулықтарды болдырмау үшін мамандар дыбыс пен бейне байланысын
тексеріп, «TrueConf» бағдарламасының қалыпты жұмысын реттейді.
Сот отырысы барысында сот процесінің қатысушыларына процесс
барысын тыңдау, көру, сұрақ қою,, олардың жауаптарын алу, процестік
құқықтарын іске асыру және процестік міндеттерін атқару мүмкіндіктері
толықтай қамтамасыз етіледі.
Сот жүйесінде заманауи технологиялар, оның ішінде сот отырысын
қашықтықтан өткізу сот ісін жүргізуді жеңілдетеді, ашықтықты қамтамасыз
етеді, әртүрлі төрешілдік көріністердегі кедергілерді қысқартады. Сот
органы қызметкерлерінің азаматтармен байланысын азайтып, сыбайлас
жемқорлықтың алдын алады. Жоғарыда аталған артықшылықтардың
барлығы онлайн өткізілетін сот мәжілістерінің басты ерекшеліктері болып
табылады.
Жүйеде жұмысында болып жатқан өзгерістер, яғни, жылдам әрі
сапалы цифрлы қызметтер азаматтардың игілігіне бағытталған. Сондықтан,
олар қоғамның сұранысына ие болып отыр.
Гаухар Касымбаева,
Алматы қаласының мамандандырылған
ауданаралық экономикалық сотының судьясы

Трамп Қытаймен келіссөздерде ілгерілеушілік барын мәлімдеді

АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде АҚШ...

Между реформами и ограничениями

Свобода слова остается одной из важнейших тем в общественно-политической...

Сөз қадірі — өз қадіріміз!

Тіл — қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де...

Мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттары

Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім...