Трамп Қытаймен келіссөздерде ілгерілеушілік барын мәлімдеді

АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде АҚШ пен Қытай арасындағы келіссөздерге қатысты оң бағасын берді. Оның айтуынша, Швейцарияда өткен кездесу нәтижелі болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін Швейцарияда Қытаймен өте жақсы кездесу өтті. Көптеген мәселелер талқыланды және көптеген бағыттар бойынша келісімге қол жеткізілді. Келіссөздер мейірімді әрі сындарлы сипатта өтті, – деп жазды Трамп.

Ол сондай-ақ бұл кездесуді «керемет прогресс» деп атады.

Айта кетейік, 2 сәуірде АҚШ пен Қытай арасындағы сауда қатынастары шиеленісіп, Трамп әкімшілігі қосымша баж салығын енгізген болатын. Пекин мұны сауда соғысы деп бағалап, ал Ақ үй тараптарды келіссөздер жүргізуге шақырған еді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркия Республикасына ресми сапармен барды. Анкарадағы Этимесгут әуежайында Қазақстан Президентін Режеп Тайип Ердоғанның өзі қарсы алды.

Мемлекеттік көмек шынымен мұқтаждарға берілуге тиіс – Президент 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік көмекті шын мұқтаж азаматтарға бағыттап, әлеуметтік реформаларды мұқият сараптау қажеттігін айтты.

Тоқаев 2027 жылдан бастап бизнесті тексеруге мораторий енгізуді талқылауды ұсынды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап шағын...

2029 жылдың соңына дейін Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге бөлінеді: қаржы қайда жұмсалады?

Президент әлеуметтік-экономикалық маңызы бар нысандар салуға және оны жаңғыртуға...