12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ҚазҰУ ғалымдары Шанхай жәрмеңкесіне қатысуда

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 23-ші халықаралық  CIIF (ҚХР) өнеркәсіптік жәрмеңкесіне қатысып, онда ЖОО алты ғылыми-инновациялық жобаны ұсынды.

Айта кетерлігі, халықаралық көрме Шанхай қаласында әр күзде өткізіледі және оның негізгі бағыты көпшілікке брендтік өндірістік жабдықтарды таныстыру болып табылады. Көрмеге 3000-ға жуық компания мен ұйымдар, оның ішінде әлемнің 100 университеті қатысты. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылым және инновация департаментінің директоры Жолдас Бөрібаев атап өткендей, CIIF халықаралық өнеркәсіп жәрмеңкесі ірі көрмелердің бірі, сондай-ақ Қытайдағы экономикалық және сауда алмасу мен ынтымақтастық үшін маңызды алаң болып табылады. «Университеттер үшін арнайы көрме аймағы бөлінді. Бүгінгі таңда мұндай салалық жәрмеңкелер университеттер өздерінің ғылыми-техникалық инновациялық жобаларын көрсете алатын және тәжірибе алмасатын ең ықпалды алаңдардың біріне айналды».

Іс-шара барысында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шанхай университетінің Hi-Tech Park технопаркімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Қол қойылған құжат тәжірибе мен біліммен, ақпаратпен және ресурстармен алмасуды, құзыреттілікті дамытуды, жаңа технологиялық шешімдерді әзірлеп, оны коммерцияландыру мақсатында бірлескен жобалар құруды көздейді. Жәрмеңке 23 қыркүйекке дейін жалғасады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі

ДАУДЫ МЕДИАЦИЯ ТӘРТІБІМЕН РЕТТЕУ РӘСІМІ

Ертеде қазақ халқы «бас жарылса – бөрік ішінде, қол...

Заңға құрмет – баршаға міндет

Республикамыздың межелеген мақсаттарының бастысы құқықтық мемлекет құру. Бұл тұрғыда...

О защите авторских прав в Казахстане

В эпоху стремительного развития цифровых технологий, творческих индустрий и...

О развитии института судебной экспертизы в уголовном процессе

В современном уголовном процессе институт судебной экспертизы выступает ключевым...