Нұралхан Көшеров «Ауыл шаруашылығының өнім көлемі бойынша республикада алғашқы орындамыз»

Түркістан облысы жыл басынан бері 1 трлн.теңгеден астам өнім өндіріп, оң өсім байқатып отыр. «Жалпы ауыл шаруашылығының өнім көлемі бойынша республикада алғашқы орындамыз» дейді облыс әкімі.

Ауылшаруашылығын дамыту әдетте суға кеп тіреледі. Мемлекет басшысы да ең алдымен суды үнемдейтін озық технологияны енгізу ісін тездетуді тапсырған болатын.

Бұл туралы облыс әкімі «Су үнемдеу технологиясы ағын суды 2 есе үнемдеумен қатар, өнімділік 3 есе артады. Еліміздегі суармалы жерлердің төрттен бірі облысымызға тиесілі. Жалпы алаңы 554 мың гектарды құрайды. 2025 жылға дейін су үнемдеу технологиясы
55 мың гектарға енгізілген болатын. Биылғы жылдың өзінде қосымша 59 мың гектарға суүнемдеу технологиясы ендіріп, жалпы көлемін 114 мың гектарға жеткіздік. Алдағы 5 жылда су үнемдеу технологиясын қосымша 250 мың гектарға ендіру жоспарлап отырмыз. Суару технологиялардың қолжетімділігін арттыру бағыттында 6 кәсіпорын ашу қолға алынды. Оның ішінде, 4 кәсіпорын іске қосылды, қосымша 2-уі келесі жылы ашылады. Нәтижесінде, 364 мың гектарға су үнемдеу технологиясымен қамтамасыз ету мүмкін болады. Алдағы уақытта осы кәсіпорындар есебінен су үнемдеу технологияларымен облыс және көршілес өңірлер толық қамтамасыз етіледі» деді Нұралхан Көшеров.

Қазіргі таңда, Отырар ауданында су үнемдеу технологиясын қолдана отырып, «Күріш дақылын егу» жобасы іске асырылды. Жоба құны 7 млн. АҚШ долларын құрайды.

Қарапайым әдіспен гектарына ағын су 26 мың текше метрге дейін пайдаланылса, тамшылатып суару есебінен ағын су 2 есе үнемдеуге қол жеткізілді.

Облыс аумағында ағын сумен қамтамасыз ететін жалпы ұзындығы 12 731 шақырымды құрайтын каналдар бар (4 180 дана). Каналдардың 76%-ның тозығы жеткен. Аталған мәселені шешу үшін кешенді жоспар қабылданған.

Облыс әкімі «Бұдан бөлек, сыйымдылығы121 млн. текше метр 4 су қоймасын салу жоспарланған. Оның ішінде, «Бәйдібек ата» және «Қарақуыс» су қоймалары салынуда. «Боралдай» және «Иқан су» қоймаларының жобасы әзірленуде. «Бәйдібек ата» және «Боралдай» су қоймаларын салу есебінен Түркістан қаласы және 5 аудан тұрақты120 млн. текше метр сумен қамтамасыз етіледі. Нәтижесінде, 18 мың гектарға жуық жердің сумен қамтамасыз етуі жақсарады. Бұл қосымша 200 млрд.теңгеге өнімін өндіруге мүмкіндік береді» деп мәлімдеді.

Кассациялық сот – әділ сот төрелігінің жаңа кезеңі

Құқықтық мемлекет құру жолында сот жүйесінің әділдігі мен ашықтығы...

Халықаралық құжат айналымындағы апостиль рөлі

Көпшілік үшін «апостиль» сөзі тек құжат рәсімдеумен байланысты қарапайым...

Аумақтан тыс соттылық – маңызды құқықтық қадам

Қазіргі қоғамда сот жүйесіне деген сенім – құқықтық мемлекетттің...

С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей

Сегодня в Казахстане функционирует более 70 театров, из которых...

Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

Бүгінде Қазақстанда 70-тен астам театр жұмыс істейді, оның 59-ы...