12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қайрымдылық жасау адамгершілік белгісі

Пробация қызметінің құрылғанына да көп уақыт бола қойған жоқ. Осы қызметтің қызметкерлері жұмысқа кіріскен кезден бастап халықтың ыстық ықыласы мен алғысына бөленіп келеді. Осындай алғысқа бөленген Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Отырар аудандық пробация қызметі. Отырар аудандық жұмыспен қамту орталығы мен аудандық пробация қызметкерлері бірлесіп есепте тұрған жағдайы төмен отбасыға көмек ретінде азық-түлік таратты.

Адамға жақсылық жасау, қайырымдылық көрсету – халқымыздың мақтан етерлік дәстүрлерінің бірі. Бұл дәстүр қазақ тіршілігінде түрліше іске асып отырған. Қайырымдылық – адамгершілік белгісі. Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық, кең пейілділік. Ол адамға қызмет қылып, жақсылық жасауға пейілді жанға тән сипат. Жомарт болу – өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу. Осыған орай Отырар аудандық пробация бөлімінің қызметкерлері мен жұмыспен қамту орталығының ұжымы пробация есебінде тұрған жағдайы төмен бір отбасыны азық-түлікпен қамтамасыз етті.

Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам басады. Қайырымдылық жасауды қаржылай көмек көрсету ғана деп ұқпау керек. Сөзбен де, іспен де, басқа жолдармен де қайырымдылық жасау – борышымыз. Жақсылық жасау қолыңнан келіп тұрса, қуаныш сыйлауға мүмкіндігің жетіп тұрса неге қол ұшын созбасқа?! Пробация қызметі есебінде тұрған жағдайы төмен отбасыларға қолымыздан келгенше көмек қолын созуға тырысамыз. Себебі, олар көмекке мұқтаж. Осылай көмек көрсету арқылы сотталғандарды қоғамға араласуға бейімдейміз. Осындай қайрымдылық шарасы осымен тоқтап қалмайды. Алдағы уақытта да игі істер жасау жоспарда бар, – деді Отырар аудандық пробация қызметі бөлімшесінің аға инспекторы әділет аға лейтенанты Кәрім Тұрсынбай.

Мемлекеттік мекеме тарапынан қомқорлыққа бөленген сотталған мамандарға өзінің алғысын білдірді. Қателікке бой алдырып өзгенің мүлкін иемденген азамат қарт анасымен бірге тұрады. Жұмыссыздықтың салдарынан анасының зейнетақысымен күн көруде. Пробация қызметінің аға испекторының сөзіне қарағанда қамқорлыққа бөленген сотталған азаматты алдағы уақытта жұмысқа орналастыруды жоспарлауда.

Мен аудандық пробация қызметі мен жұмыспен қамту орталығының тарапынан жасалған күтпеген қайрымдылық үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді. Қазіргі қымбатшылық кезеңде жағдайы төмен отбасылар отбасыларды ұмытпаған жөн. Әрине, мен өзімнің жасаған қателігіме қатты өкінемін. Жұмыссыз отырған адам отбасын асырау үшін түрлі әрекетке барады екен. Қазір өзімнің жасаған қателігіме қатты өкінемін. Отырар аудандық пробация қызметінің инспекторлары менің түзелуіме өз септігін тигізіп келеді. Сонымен қатар, ауданда ұйымдастырылып отырған осындай қайрымдылық шарадан қалдырмай қолдау көрсетіп жүрегіне алғыс айтамын, — деді сотталған азамат.

Жазасын өтеуші азамат бостандыққа шықты

           Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68...

Тергеу мекемесінде «Майнд машинасы» арқылы эмоциясын ретке келтірді

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік...

Жәрмеңкеден жұмыс тапты

24.04.2024 жылы Арал ауданындағы З.Шүкіров атындағы қалалық мәдениет үйінде...

№37 мекемесіндегі жазасын өтеушілермен «Діни сауаттылығын арттыру» тақырыбында кездесу өтті

23.04.2024 жылы «Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл академиясының директоры, РАТТ мүшесі,...