12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Биыл Қызылорда облыстық сотының 85 жылдық мерейлі мерекесі

Атаулы мерейтой қарсаңында осы облыстық сот тарихында 39 жыл Жаңақорған аудандық сотында абыроймен қызмет атқарып келе жатқан әріптесіміз Бибайым Әшімқызы Нәлібаева жайлы сыр шертуді жөн көрдік.

Ол бала кезінен сот саласында жұмыс істеуді   армандапты. Себебі оны заң саласы қатты қызықтырып, осы мамандық арқылы халыққа өз пайдамды көбірек тигізетін шығармын деген байламға келген екен.

Асқақ арманы мектеп бітірген соң кейіпкерімізді Талдықорған заң техникумына алып келеді. Аталған оқу орнында заңгерлік білім алған ол 1984 жылы алғаш Жаңақорған аудандық сотының табалдырығын аттаған екен.

Аудандық соттағы қызметін сот отырысының хатшысы болып бастаған.

Өз естелігінде кейіпкеріміз өзінің сол уақытта жаңа келін болып, отау құрғанын, қиын да жауапкершілігі мол қызметін атқаруға ата-енесі мен жұбайының қолдауы жақсы болғанын құрметпен еске алады.

«Ол кездері қылмыстық істер көп жағдайда көшпелі  сот отырыстарында қаралатын, талай шалғай елді мекендерге барып ауыл клубтарында сот отырысын өткізгеніміз есімде» дейді Бибайым Әшімқызы. Сондай кездерде отбасы мүшелерінің өзіне түсіністікпен қарап,қолдағаны, қабақ шытпағаны нәтижесінде әлі күнге дейін осы салада жұмыс атқарып келе жатқанын айтады.

Қазіргі тәуелсіз еліміздегі сот жүйесіндегі реформалардың оң тұстарын тілге тие ете отырып, өзі хатшы болған сонау 1984-1990 жылдары сот отырысының хаттамаларын 30-40 бетте қолмен жазып дайындағанын, сотта жазу машинкасының болмауы себепті мекемелерге жолданатын хаттардың барлығы қолмен дайындалатынын, штаттық бірлікте курьер қызметі қарастырылмағандықтан мекемелерге хаттарды жеткізумен сот отырысының хатшылары өздері айналысқанын еске алады.

Бибайым Әшімқызының естелігі бойынша ол кезде аудандық сотта судьяның штатының өзі бір бірлікте, яғни 1 судья төрағаның да, судьяның да қызметін атқарған екен. «Сотқа алғаш келген 1984 жылдан бастап осы уақытқа дейін 8 сот төрағасымен қатар жұмыс істедім, олардың әрқайсысының бойындағы өздеріне тән өзіндік іскерлік, кәсіби,  адамгершілік қасиеттерін бойыма сіңіруге тырыстым дейді» ол.

Талай жыл Жаңақорған аудандық сотында сот отырысының хатшысы, маман, жетекші маман қызметтерін атқарған Бибайым Әшімқызы 2000 жылдан бастап осы уақытқа дейін сот кеңсесін абыроймен басқарып келеді.

Ағымдағы  жыл ішіндегі сот жүйесіндегі құрылымдық өзгерістерге сәйкес ол қазіргі уақытта Жаңақорған аудандық соты әкімшісінің  басшысы болып қызмет атқарады.

Ұжымдастары Бибайым Әшімқызын тек талапшыл басшы ғана емес, тәжірибелі тәлімгер, ұтқыр ұйымдастырушы және елгезек, қамқор, кеңпейіл әріптес ретінде сыйлайды. Ұжымдағы жасы үлкені ретінде ғана емес,  атап өткен жақсы қасиеттерімен де  зор беделге ие.

Кейіпкеріміз жаны қалаған кәсіпті абыройлы атқарып ғана қоймай, шәкірттері, яғни сот саласына жаңа қадам басқан мамандарға санасына тоқығанынын үйретуге тырысады.  Өзінен кейінгі жас буынның бойына ибалы мінез, кішіге қамқорлық, үлкенге ізеттілік таныту сияқты асыл қасиеттерді дарытуға күш жігерін жұмсайды.

Халық қашанда  сот жүйесіне әділдіктің салтанат құруына күш салатын сала ретінде  сенім артып, оны шындық пен ақиқаттың темірқазығы деп біледі.

Өз кезегінде Бибайым Әшімқызы да республика сот жүйесінде үздіксіз 40 жылға уақыт абыроймен қызмет атқарып, қоғамдағы адам мен мемлекеттің  негізгі құқықтары мен мүдделерінің бұзылмауын басты назарда ұстап, саналы ғұмырын  осы қызметке арнаған білікті маман.

Еңбек қашан да еленеді. Оның талай жылғы қажырлы  еңбегі ескерусіз қалмады.Тиісінше Қызылорда облыстық соты төрағасының, Судьялар Одағы филиалы төрағасының, Жаңақорған ауданы әкімінің, Қызылорда облысы әкімінің Алғыс хаттарымен, Мақтау қағаздарымен сан мәрте марапатталды. Сондай-ақ Жоғарғы  Соттың Соттардың қызметін қызметін қамтамасыз ету  департаменті тарапынан ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалін, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медальдарын иеленді.

Ол өз сөзінде өзінің осы жеткен жетістіктерінде «жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші  аудандық сот ұжымының ерен еңбегі, бірлігі бар екенін  айтып, ыстық ықыласын білдіріп отырады.

Кейіпкеріміз тек білімді, білікті, абыройлы мемлекеттік қызметкер ғана емес, өмірден өз орнын тапқан аяулы жар, асыл ана, немерелерінің сүйікті әжесі. Жары Асылхан ағамызбен бірге бес бала тәрбиелеп, немере сүйіп отыр. Балаларының барлығы жоғарғы білімді, қоғамның әр саласында абыроймен қызмет атқаруда. 

 Өздерінің көріп отырғандай, біздің кейіпкеріміз сот жүйесінде тынымсыз еңбек етіп, талай биіктерді бағындырған, еңбегіне адал,  мақсатына берік жан. Осы қасиеттері де оны бүгінгі биігіне жеткізді. Ендеше, саналы ғұмырын  өзінің сүйікті мамандығына арнап, ол жолда қайсарлығы мен парасаттылығын, жаны мен арының тазалығын мойындатқан еңбекқор жанға шыққан биігіңіз аласармасын, алатын асуларыңыз, бағындырар белестерініз зор болсын демекпіз.

                                                                                        Әлия Түбекбаева

                                                                                        Жаңақорған аудандық

                                                                                        сотының төрағасы  

                                                                                        Қызылорда облысы

9 МЫҢҒА ЖУЫҚ КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Көкшетауда республикалық «Таза Қазақстан» жобасы шеңберінде «Жасыл аймақ» акциясы кең көлемде жүзеге асырыла бастады.

День открытых дверей для представителей частного бизнеса прошел в акмолинской колонии

Одним из важных направлений в деятельности уголовно-исполнительной системы является...

ҚАЖ қызметкерлері сотталғандарға көмек көрсетуде

Іле аудандық пробация қызметінің есебінде тұратын, сотталған А., есепке...

Еңбек дауының алдын алу маңызды

Еңбектің барлық кезде дұрыс бағалана бермейтінін сот тәжірибесі көрсетіп...

Судьялар съезі – жаңа бастамалар мінбері

Судьялар одағы – қазақстандық қазылардың басын біріктіріп, бір мақсатқа...