12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сотталғандар өз кәсібін ашуға ниетті

Өз кәсібін ашу жайында кеңес алуға Түркістан қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған елуге жуық сотталған ниет білдіріп, қалаық Жұмыспен қамту орталығы мамандарынан кеңес алды. Жуырда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасты Түркістан қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған тұлғаларға 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында көрсетілетін белсенді шаралардың бірқатары түсіндірілді.

Кәсіпкерлікті дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы 2021 жылдың қазан айында бекітілді. Ұлттық жоба ШОБ-тың бәсекеге қабілетті секторын қалыптастыруға, кәсіпкерлердің экономикалық белсенділігін арттыруға және кәсіпкерлік субъектілері үшін тең жағдайлар жасауға бағытталған.

Ұлттық жобаны іске асыру 4 бағыт бойынша жүзеге асырылады: кәсіпкерлік белсенділікті арттыру, кәсіпкерлердің өсуін жеделдету, жаңа тауашаларды қалыптастыру, бәсекелестікті кешенді дамыту.

Аталған жоба өз ісін ашу және дамыту үшін жағдай жасау; субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және кәсіпкерлердің қажеттіліктеріне дағдыларды дамыту арқылы кәсіпкерлерді қолдау; кәсіпкерлік субъектілері үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру; экономиканы мемлекет меншігінен алу болып табылады.

Сотталғандарды бұл іс-шараға алып келудегі басты мақсатымыз, бас бостандығынан шектеу жазасына тартылған сотталған азаматтар қоғамға бейімделіп, өз бизнесін ашып, қоғамға және отбасына пайдасын тигізсе. Біздің пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандардың арасында өзінің кәсібін ашып, бизнесін дөңгелетіп отырғандар да бар. Осы жоба арқылы бизнесті нөлден бастауға болады. Неден және қалай бастау керек? Бастау үшін ақшаны қайдан алуға болады? Алдымен сіз ақша табуды бастау үшін не істеу керектігін түсінуіңіз керек – қызметтер көрсету немесе тауарлар? Бүгінгі таңда тек дайын өнімдер ғана емес, сонымен қатар жеке білім, дағдылар, талант пен тәжірибе де үлкен сұранысқа ие. Біріншіден, сіз өзіңіздің күшті жақтарыңыздан бастауыңыз керек, не істеу керек екенін білуіңіз керек, мысалы, мұғалім білім беру орталығын аша алады, ал бухгалтер компанияларда бухгалтерлік есеп пен аудит жүргізуге көмектеседі. Екіншіден, сізге белгілі бір нарықты зерделеп, сол нарық түріндегі сұраныстарды түсініп, бәсекелестердің ұсыныстарын зерделелеп, өзіңіздің жаңа қызметіңізді ұсынуыңыз қажет болады (мысалы, жаяу жететін жерде кофехана болмаса, кофе машинасын сатып ала отырып сіз бариста қызметтерін ұсына аласыз). Егер сіз белгілі бір бастаманы таңдаған болсаңыз, сізге бизнес-жоспар әзірлеу керек (барлық қажетті тармақтарын қарап шығу керек, идеяңызды жүзеге асыру үшін шығындарды есептеңіз). Жаңадан бастағандар үшін кеңсені жалға алмай-ақ, үйде отырып жұмыс істеуге болады. Мысалы, хоббиіңізді кәсіпке айналдыра аласыз мысалы, нан пісіру, кесте тігу және тағы басқа бизнес көзін ашуға мүмкіндік бар, — деді Түркістан қалалық пробация қызметінің инспектор-психологі әділет капитаны Ақмарал Бекбай.
Сондай-ақ жас кәсіпкерлер мен халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы азаматтарға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға микрокредиттер мен гранттар беріледі. Қалалық пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандар арасында өзінің кәсібін дөңгелетіп жүргендер бар. Пробация қызметінің бақылауында тұрған сотталғандар да өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, көңілге қонымды жауап алды. Мамандардың кеңесінен әсер алған Балзия келешекте өзінің кәсібін ашқысы келетінін жасырмады.

Мен бүгінгі шарада көптеген мағлұмат алдым. Өз кәсібімді ашудың тиімді жолдары жайында естідім. Алдағы уақытта курсты оқып бітіргенен кейін өз кәсібімді ашамын деген ойым бар. Менің түзелу жолына түсуіме мүмкіндік берген пробация қызметінің қызметкерлеріне алғысым шексіз, — деді пробация қызметінде тіркеуде тұрған Азамат.

Алматы қаласының мемлекеттік қызметкерлердің құқықтары қалпына келтірілді

Жұмыс процесін оңтайландыру, еңбек тиімділігін арттыру және тапсырмаларды орындау...

Қазақстанда «Qazaq Culture» бірегей жобасы іске қосылды

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз...

Тәртіптік комиссия қызметін үйлестіру жұмыстары жалғасуда

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі -...