12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

СУДЬЯЛАР СПАРТАКИАДАСЫ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН САЛДЫ

Қазақстан Республикасы Судьялар  Одағының  Х спартакиадасы  Жоғарғы Сот Төрағасының мақұлдауымен Судьялар Одағының Орталық кеңесі бекіткен ережеге сәйкес, биыл 11-12 мамырдағы аймақтық іріктеу ойындарында  спорттың  сегіз түрін қамтыды. Атап айтсақ, шағын футбол, волейбол, үлкен теннис, үстел теннисі, арқан тарту, бильярд, шахмат және дойбыдан Алматыда болып  өтті.

«Бағанашыл» сауықтыру  спорт кешеніне республикамыздың оңтүстік өңіріндегі Алматы,Жетісу, Түркістан Жамбыл облыстары және Алматы, Шымкент қалаларының спортшы судьялары жиналып бәсекеге түсті. Талап – жарысқа тек судьялар ғана қатыстырылды. Биыл оныншы рет өткізілген  судьялар спартакиадасы елімізде  судьялардың мерекесіне айналды. Себебі, спорттық іс-шаралар ұйымшылдықты, бірлік пен топтық рухты нығайтып, спортқа және салауатты өмір салтына деген сүйіспеншілікті арттыратынын  уақыт дәлелдеп берді. Дәстүрлі мерекелік шараны ұйымдастырып, талапқа сай өткізу жауапкершілігін алған  Алматы қалалық сотының төрағасы  Асқар Смайлов  аймақтық спартакиаданы салтанатты түрде ашып «Спортта бәсеке болған соң жеңіс те болады, жеңілу де болады.Жеңгеніміздің жолы болсын, жеңілгенімізге сабырлылықты құдай берсін! Бүгін спорттың сегіз  түрінен бәсекеге түсіп, бірінші орынды жеңіп  алған командалар 7-8 қыркүйекте Түркістанда өтетін республикалық судьялар  спартакиадакиадасына жолдама алады», — деп спортшы судьялар рухын көтере білді.

Келесі кезекте,  «Бағанашыл» ССК  президенті, генерал-майор Павел  Максимович Новиков  спортшы судьяларды мерекелік шараның ашылу салтанатымен құттықтап өздерін жайлы сезініп, баптарынан таймай бәсекеге түсулеріне барлық жағдай жасалғаны айтқан соң , жарыстың бас төрешісі спартакиада  бағдарламасын жариялап, спорттық  іс-шараға қатысушыларға сәттілік тіледі.

Серік  Байбатыров, Дүниежүзілік Соттар Одағы Орталық комиссиясының мүшесі, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері,Алматы қаласы және облысының Құрметті азаматы:

1999 жылы Алматы қалалық сотының 30 жылдық мерейтойына орай оңтүстік астанада волейбол, футбол, стол теннисі, бильярд ойындарынан өзім төрағасы болып отырған Алматы қалалық сотында судьялар спартакиадасын өткізу туралы  идеямды ұсындым.Сол кездегі ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Қайрат Әбдіразақұлы Мәми идеямды  мақұлдап, қонақ болып арнайы  келіп қатысты.Алматы қаласының әкімі қуана келісті. Алдымен халықаралық конференция өткізіп, алғашқы спартакиадамызға Алматы облыстық соты судьялары командасын жолдастық кездесуге шақырдық . Келді. Жақсы ойын көрсетті.Нәтижесінде судьялар арасында кездесулерге жол ашылып,ынтымақтың  алтын қазығы қағылды. Екі рет Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының төрағасы лауазымына сайланып, сол лауазымды қызметті атқарып отырғанда судьялар спартакиасының республикада үзіліссіз өткізіп отырдым. Басты мақсат —  судьялар арасында жақсы қарым-қатынас орнатып, тәжірибе алмастыру болды.Күні бойы  сот процестерін жүргізу, кешқұрым келесі сот процесіне дайындалу, компьютерде отыру судья денсаулығына да әсерін тигізетіні анық. Бір мезгіз спортпен айналысу, жаттығуларда әріптестерімен кездесіп, сұхбаттасу ойды да бойды да сергітеді.Осы спартакида негізінің дұрыс қалануына бір себепші  марқұм Мақсұт Нәрікбаев болды. Сондай-ақ,  Алматы қалалық сотынан судьялық қызметтерін бастап бірнеше облыстық соттардың төрағалары, сот алқаларының төрағалары лауазымдарын атқарған, бүгінде атқарып жүрген  Бақыт Мәлік,Мұхтар Смағұлов, Ерлан Айтжанов, Қалдарбек Досымбет секілді судьялар есімін құрметпен атап өткен дұрыс. Ол еңбекті бағалау болып саналады.Сол уақыт судьялар үшін жақсы бір кезең болды.Шыны керек сол кезеңде судьялардың қылмыстық іске тартылуы да аз болатын. Кәзір үй қамаққа отырғызғандай қысып, тіпті телефондары тыңдалып жатса да судьяларды қандай да бір жауапкершілікке тартып жатады. Бұл мәселені тиісті орындарда қозғап, басшыларға да айтқанмын.Шектеу артық. Судья жұмыста судья. Оның да туған-туысы бар адам екенін ескерген ләзім. Сондықтан судьялар спартакиадасын үзіліссіз өткізіп отыруды қуана құптаймын. Ағымдағы жылдың 7-8 қыркүйегінде киелі Түркістанда өтетін  республикалық судьялар спартакиадасына арнаулы шақырту алдым. Құдай қаласа барам.Ескі таныстарыммен қауышып, емен-жарқын әңгімелесіп бір серпіліп қайтуды ойлап жүрмін.

Асқар Смайлов, Алматы қалалық сотының төрағасы:

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының  төрағасы мақұлдап,  қолдауымен дәстүрлі спартакиадамыз  биыл жаңғырды. Бүгін соттардың мейрамы деп ойлаймын. Әріптестерімізбен кездесіп, көңіл көтеріп бағымызды да, бабымызды да сынаудамыз. Енді қай команда мықты болса жеңіске жетеді. Жұмыстан тыс демала да білу керек. Жоғарғы сот төрағасының басқаруымен осындай  спартакиадалар Қазақстанның түкпір түкпірінде  — Атырауда, Қостанайда,Қарағандыда, Алматыда өтті. Енді  бас бәйгені додаға салатын республикалық  финал Түркістан қаласында қырқүйек  айында өткізіледі.

Негізі 2002 жылға дейін Конституция күнін мерекеміз деп санайтынбыз, былтыр маусымда  Қазақстан бойынща соттардың мерекесін белгілеп,  атап өттік. Ал екінші  кәсіби мерекеміз екі жылда бір рет өткізілетін осы  спартакиада. Бұл спартакиаданың ерекшелігі сол  — жарысқа тек қана судьялар қатыстырылады. Сот жүйесіндегі мемлекеттік қызметкерлерді қатыстырмадық. Біздің Алматы қалалық соты жақсы дайындықпен келдік. Күнделікті жаттығуларда өзіндік ерекшеліктерімен суырылып шыққан судьяларымызды іріктеп алдық. Таяуда Алматы облыстық футбол командасымен жолдастық кездесу өткіздік. Сол ойында жіберген қателіктерді түзедік.Нәтижесінде футбол командасының капитаны Нұржан Карабаев – 2 бастаған   (футболкаларының аркасындагы номерлерлері) Нариман Бекназаров – 3,Бауыржан Лесбаев – 10, Досбол Акетаев – 11, Эрнар Карибаев – 13, Сержан Байболов – 8, Марат Нурбеков – 7, Куаныш Арипов – 1, Алмас Омаров-  4, Канат Утеубаев- 17 футболистеріміз   футболдан бірінші орынды жеңіп алдық. Футболистерімізге менің де жанкүйерлеріміздің де  көңіліміз  толды.Волейбол командасы —  2 орын алды. Осы  волейбол ойынында шеберлігімен әрі командаластарын серпілте, жұмылдыра білуімен ерекшеленген волейбол командасындагы жалғыз  ойыншы қыз Медеу аудандық сотынын судьясы Әсел Әбішеваның есімін атап өткен жөн.Шахматтан  Алматы қалалық сотының судьясы Роза Айнақұлова  — 2 орын.Арқан тарту бойынша, командамыз —  2 орынды жеңіп алды.

Теміржан Құдабаев, Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотының судьясы.

 Республикалық судьялар спартакиадасы  2003 жылы басталды. 2002- 2016 жылдары Алматы облысында судья және аудандық сот төрағасы лауазымдарын атқарып жүргенімде  облыстаға спортшы судьяларды бастаған капитанымыз  Алматы облыстық сотының судьясы Бақытжан Ниязов болды. Спартакиадамыз алғашқы  төрт жылда  үзіліссіз өтетін. Кейін екі жылда бір рет өткізуге көшті.Соңғы рет 2018 жылы ұйымдастырылып еді биыл қайта жаңғырды. Арамызда кәсіби спортшы жоқ. Барлығы судьялар. Уақыт ағымы, өмір қажеттілігімен спортпен айналысқан судьялар. Мен де балалық шағымда яғни  мектепте оқып жүргенде  волейбол ойынының негізін қалағанмын. 2003 жылы Алматы облыстық сотының төрағасы Серік Кәтенұлы Байбатыров өзі волейболды керемет ойнайтындықтан волейбол командасын құрады. Кәсіби жаттықтырушыларды спорт залына арнайы алып келіп жаттығатынбыз. Нәтижесінде жеті рет волейболдан республика чемпионы атағын жеңіп алғанбыз.Спартакиаданың жақсылығы сол – бүгін республикамыздың оңтүстік өңіріндегі алты команда жиналды. Солар танысады, араласады. Бұл судьялар арасындағы қарым-қатынасты жақсартып, нығайтады. Ойын деген аты болмаса адами сыйластықтың бір себепшісіне айналады. Басым бөлігі баяғыдан таныс болғандықтан спартакиадада қауышып, бір шаттанып қалады.Кімнің қалай ойнайтынын жақсы біледі. «Тәні саудың – дені сау» демекші тигізетін пйдасы көп. Әу баста жақсы ұйымдастырылған спартакиадамыз одан әрі жалғасын тапса нұр үстіне нұр.Жасым 64 асса да жігіттер «ойынның жөнін білесіз» деп командаға қосып алды.

Тұрысбек Ерболғанұлы Миятбеков, Түркістан облыстық сотының төрағасы:

Судьялар спартакиадасын Алматы қалалық сотының төрағасы  лауазымын сол жылдары  атқарған Серік Кәтенұлы Байбатыров екеуміз ең алғаш бастаған едік.  Алғашқыда аймақтық, сосын республикалық болып жалғасқан  спартакиадаларда дұрыс ойын көрсете алатын  командалар жоқ еді. Кәзір командалар жиналып қалғаны байқалып тұр. Алматы облысының  судьялары  волейболан өте жақсы ойнайды.Футболдан Алматы қаласының  командасы күнделікті жаттығатындықтарын айқын байқатты. Бейімделген. Мұны  судьялардың спорттағы бір жетістігі деп бағалаған дұрыс. Спорт баспен жұмыс істейтін өнер. Бос секіре бергеніңізден түк шықпайды.Миды істету керек. Құдайға тәубә,әріптестеріміздің қатары көбейген үстіне көбейуде. Мұны дұрыс бағалап спартакиаданы жалғастыруымыз қажет. Республикалық судьялар спартакиадасы бізде Түркістан облысында өтеді. Сол игі шараға дұрыстап дайындаламыз. Кезінде Алматы қаласының волейбол, футбол командаларында ойнағанмын. Чемпиондық тұғырдан түспейтінбіз. Кәзір жасым 62 келді. Құдай қаласа, қыркүйекте команда сапында тұрып, ойнаймын. 

Қалдарбек Досымбет,Алматы облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқа төрағасы:

 Қазақстан Республикасының Презденті Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуі бойынша  мемлекетімізде спорт саласын жаңғырту мәселесі көтерілген. Дәстүрлі игі шарамыз   судьялар спартакиадасы  короновирус пандемиясы салдарынан бірер жыл өткізілмей қалған еді енді биыл қайта жаңғыртылды.   Спорттың сегіз түрінен бірінші орынды жеңіп алған командалар мен жекелеген спортшы судьялар ағымдағы жылдың  7-8 қыркүйегінде Түркістанда өтетін республикалық спартакиадаға қатысады. Ерекше айтарым – сот жүйесінде ғана емес барлық сала бойынша Қазақстан спортын дамыту керек. Спорт денсаулық кепілі болуымен қатар адами құндылықтарды арттырып, өмір сүру белсенділігіне жақсы әсерін тигізеді. Халық қажеттілігін өтейді.Негізі судьялар спартакиадасы Алматы облысы мен қаласынан бастау алды. Сондықтан Алматы облыстық сотын судьялар спартакиадасының отаны деп айта аламыз. Алғашқы екі-үш республикалық спартакиаданы  Алматы облысында біз өткізгенбіз.Кезінде Алматы облыстық сотының төрағасы лауазымын атқарған Серік Кәтенұлы Байбатыров волейболды керемет ойнап, команда құрап, үлгі көрсете білді. Бұл үлгі судьялар спартакиадасының үзілмеуіне себепші болып, игілікті сол кездегі Жоғарғы Сот төрағасы Қайрат Әбдіразақұлы Мәми қолдап басқарды. Спартакиадаға облыстық соттар төрағалары, алқа төрағалары міндетті түрде қатысуы керек.Ол елімізде спортты дамытуға өзіндік ықпалын тигізеді. Басшыларға қарап жас судьялар, судья қыздар арамызға қосылып спартакиадамыз жақсы жалғасын тауып келеді.

Нұржан Қарабаев, Алматы қаласы Алатау аудандық сотының судьясы:

Спартакиадаға Алматы облыстық сотының футбол командасында ойнаудан бастадым. Сол кездегі Алматы облыстық сотының төрағасы Мейрамбек Тәймерденов спортқа, әсіресе футболға ерекше назар аударатын.Таңертең Қаратал өзенін жағалап серуендеп, кешқұрым футбол алаңында кездесетінбіз. Футбол ойнау ережесін бұзбай үзіліссіз дайындалатынбыз. Нәтижесінде футболдан республикалық судьялар спартакиадасының чемпионы кубогін Алматы облыстық сотының футбол командасы жеңіп алғанбыз. Қалыптасқан әдетімді бұзбай Алматы қалалық судьяларымен тез түсінісіп,мықты команда құрдық. Міне, биыл аймақтық спартакиадада футболдан Алматы қалалық сотының командасы  бірінші орынды жеңіп алдық. Құдай құп көрсе биыл  7-8 қыркүйекте қасиетті Түркістанда өтетін республикалық судьялар спартакиадасында бағымызды да, бабымызды да сынаймыз.

Бақытжан Ниязов, Алматы облыстық сотының судьясы:

Панфилов аудандық сотында судья лауазымын атқарып жүргенімде Алматы облыстық сотының төрағасы Серік Байбатыров шақырып спорттың бірнеше түрінен додаға салды. Бала күнімнен доп қуалап өскендіктен сан сынақтан мүдірмей өтіп, команда құрамына алындым.Әріптестерім команда капитаны етіп сайлап, сенім артты. Сенімдеріне селкеу түсірмей үзіліссіз жаттығулардан жалықтырмай  талап қоя білгендіктен волейболдан аймақтық жарыста бірінші орынды жеңіп алдық. Енді осы жылдың 7-8 қыркүйегінде Түркістанда өтетін республикалық судьялар спартакиадасына жолдама алдық.Алпысты алқымдасам да спортшы судьялардың көшін бастап, бала күнімізде аттарын естігенде елеңдеп отыратын бүгінгі ардагер  футболистердің қатарында жүргеніме тәуба. Бірде доп ойнап жүріп шеміршегімді сындырып алғанымда мектептегі мұғалімім «доп қуалаған тозады» деп кейіген еді. Сол ұстазыма айтарым  — Спорт мені биіктерге көтерді.Ал, судьялар спартакиадасының жөні бөлек, керемет!

Түйін. Қазақстан Республикасы Судьялар  Одағының аймақтық іріктеу  спартакиадасында футболдан Алматы қаласының командасы – 1 орын, волейболдан және арқан тартудан Алматы облысының командалары бірінші орынды жеңіп алса, шахматтан Алматы облыстық сотының төрағасы Еліс Әбдіқадыров – 1 орын, дойбыдан  Алматы қаласы әкімшілік сотының судьясы  Ұлан Қажыкен – 1 орын, стол теннисінен Жамбыл облысы Шу аудандық сотының төрағасы  Марлен  Тілеубеков – 1 орын, үлкен теннистен Алматы қалалық сотының судьясы Мақсат Қасымов – 1 орын,  бильярдтан Шымкент қаласының судьясы  Талғат Қахаров – 1 орынды жеңіп алды. Спартакиадада ең тартысты әрі қызықты ойын волейболдан Алматы облыс мен қаласы командаларының арасында  өтті. Жанкүйерлер қанын қыздырып әрқайсысы өз командаларының аттарын атап залды тұндырып жіберді. Бұл спорт. Ақтық бәсекеде Алматы облыстық сотының командасы  жеңіске жетті. Әріптестерінің жеңіс тұғырына көтерілуіне  шеберліктерімен ерекше үлес қосқан үздік шабуылшы Бақытжан Ниязов пен үздік ойыншы Ерік Тульбаев арнаулы дипломмен марапатталды.

Нұрбол Әлдібаев

ҚАЖ департаменті бастығының қатысуымен I тоқсан қорытындыланды

Бүгін Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ  департаментінің бастығы, әділет полковнигі ...

Қызылордада «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ» тұрғындарға құқықтық көмек көрсетті

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы аясында Қараөзек және Талсуат...

Посещение музея истории Каспийского университета технологий и инжиниринга имени Ш.Есенова

В рамках реализации Цели устойчивого развития 11 ООН «Обеспечение...

Сотталғандар қауіпсіздігі қатаң бақылауда

Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесіне төтенше...

ҚАЖ мекемесі жедел кеңес өткізді

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №60 мекемесінде 2024 жылдың...