Жаңа Салық кодексі бойынша кімдер декларация тапсыруға міндетті

Мемлекеттік кірістер комитеті еліміздегі жалпыға бірдей декларациялау аясындағы салық заңнамасына енгізілген өзгерістерді түсіндірді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Еске салайық, 2025 жылғы 15 шілдеде Президент Салық кодексі мен оған ілеспе актілерге өзгерістер енгізу туралы заңға қол қойды. Бұл өзгерістер жалпыға бірдей декларациялаудың тәртібін реттейді.

Кімдер декларация тапсырудан босатылады?

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап, жалпыға бірдей декларациялаудың алғашқы үш кезеңіне енбеген азаматтардың келесі санаттары декларация тапсырудан босатылады:

зейнеткерлер,
студенттер,
үй шаруасындағы әйелдер (үйде отырғандар),
жекеменшік компаниялардың қызметкерлері және басқа да азаматтар.

Бірақ! Егер осы адамдар шетелде мүлікке, активтерге немесе банк шоттарына ие болса – декларация тапсыруға міндетті. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының резиденті емес шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар активтер туралы декларация тапсырмайды.

Кімдер активтер мен міндеттемелер туралы декларация тапсыруы керек?

Сайланбалы және мемлекеттік лауазымдарға кандидаттар және олардың жұбайлары;
Банктер, сақтандыру және қаржы ұйымдарындағы ірі қатысушылар мәртебесіне үміткерлер және олардың жұбайлары;
Жеке практикамен айналысатын тұлғалар (нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары, медиаторлар);
ҚР резиденттері, егер:

шетелде мүлікке иелік етсе (жылжымайтын мүлік, жер, көлік және т.б.);
шетелдік компанияларда үлесі болса;
шетелдік банкте шоты болса (егер сома 1000 АЕК-тен жоғары болса, 2024 жылы бұл – 3 692 000 теңге);
инвестициялық алтын, бағалы қағаздар, интеллектуалдық меншік объектілері, тұрғын үй құрылыс жобаларына қатысу, дебиторлық/кредиторлық берешек (растайтын құжатпен), және басқа да 1000 АЕК-тен жоғары мүлік иелері.

Енді декларацияда не көрсету қажет?

Шетелдік брокерлік шоттардағы қаражат; 1000 АЕК-тен қымбат мүлік (31 желтоқсандағы бағалау бойынша, 15 қыркүйекке дейін жасалуы керек); Шартпен және салыстыру актісімен (ЖК немесе заңды тұлғалармен, резидент/бейрезиденттермен) расталған қарыздар; Қазақстанда тіркелмеген базалық активтері бар туынды қаржы құралдарынан басқа бағалы қағаздар.

Кімдер табыс пен мүлік туралы декларация тапсыруы керек?

Мемлекеттік қызметшілер және оларға теңестірілген тұлғалар, олардың жұбайлары;
Қаржы ұйымдарының ірі қатысушылары және олардың жұбайлары;
10%-дан астам үлесі бар заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары, иелері және олардың жұбайлары;
Жеке практикамен айналысатын мамандар (нотариустар және т.б.);
Өз бетінше салық төлеуге жататын табысы бар тұлғалар (жалдау, шетелдік пайыздар, цифрлық активтер және т.б.); Шетел банктерінде 1000 АЕК-тен жоғары шоты барлар; Шетелде активтері барлар; Цифрлық активтер иелері; 2025 жылы 20 000 АЕК-тен астам (яғни 78,64 млн теңге) мүлік сатып алғандар;
Салықтық шегерім алуға өтініш бергендер.

Назар аударыңыз! Мүлік сатып алу және табыс көзін көрсету жөніндегі есепті тек жемқорлыққа қарсы декларация тапсыратындар ғана емес, сонымен бірге:

Қаржы ұйымдарының ірі қатысушылары және олардың жұбайлары-резиденттері;
Компанияда 10%-дан жоғары үлесі барлар және олардың жұбайлары-резиденттері;
1 жыл ішінде 20 000 АЕК-тен қымбат мүлік сатып алған ҚР азаматтары да тапсыруы керек.

Декларацияны қалай тапсыруға болады?

Электронды түрде:

cabinet.salyk.kz;
egov.kz;
мобильді қосымшалар арқылы: e-Salyq Azamat, eGov mobile, moldir.qoldau.kz, екінші деңгейлі банктердің қосымшалары.

Қағаз жүзінде:

Салық органдарында;
ХҚКО-ларда (ЦОН);
Тапсырысты хатпен пошта арқылы.
 

“Наурызды жазда өлтіріп көмген болуы мүмкін“. Жоғалған отбасыға қатысты тағы бір дерек шықты

Атырау облысында жоғалған отбасыға қатысты қанды қылмыстың мән-жайы белгілі болды.

Air Astana Дубайға рейстерді уақытша тоқтатты

Әуе компания мәліметінше, наурыздың аяғына дейін Дубайға рейстер тоқтатылған.

IBF боксшы Жәнібек Әлімханұлын әлем чемпионы атағынан айырды

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлын орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан айырды.

Референдум алдындағы тыныштық күні не істеуге болмайды?

Қазақстандықтарға Конституция бойынша референдум алдындағы тыныштық күнгі жауапкершілік туралы ескертілді.

Таяу Шығыстан 8585 қазақстандық елге қайтарылды  

Таяу Шығыс елдеріндегі жағдайға байланысты жүргізілген эвакуация басталғалы бері 8585 қазақстандық елге қайтарылды.