Биыл Қазақстан кітапханаларына 37 млн оқырман барған

Қазақстанда кітап оқуға деген қызығушылық айтарлықтай артып келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Биыл ел бойынша кітапханалар келушілер санының рекордтық көрсеткішін тіркеп отыр. Жыл басынан бері 37 миллион оқырман кітапханаға барған.

Соңғы бір айдың өзінде Алматыдағы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына шамамен 13 мың адам жүгінген. Ең белсенді оқырмандар – 17 мен 25 жас аралығындағы жастар, ал 45 жастан асқан келушілердің саны – екі мыңға жуық. Шамамен үш мың адам кітапханаға алғаш рет тіркелген.

Оқырмандар көбіне қазақ және әлем әдебиетінің классикалық және көркем шығармаларын оқығанды жөн көреді. Кітап сүйер қауым көбіне романдар, повестер мен поэзияны таңдайды. Соңғы айларда қазақ классикасына және ұлттық философиялық әдебиетке қызығушылық айтарлықтай артқан.

Бүгінде Қазақстанда 3 883 қоғамдық кітапхана жұмыс істейді. Жыл басынан бері ел бойынша 5,3 миллионнан астам жаңа оқырман тіркелген.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.